Жиенбаев Жоламан Қанатұлының Сайлауалды Бағдарламасы

0 17

Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №10 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша Өзін-Өзі Ұсынған Кандидат Жиенбаев Жоламан Қанатұлының Сайлауалды Бағдарламасы

 «АУЫЛДЫҢ ДАМУЫ — ЕЛДІҢ ДАМУЫ,  ХАЛЫҚТЫҢ  ӘЛ-АУҚАТЫ- БАСТЫ БАЙЛЫҒЫМЫЗ!»

Мен, Жиенбаев Жоламан Қанатұлы, 1999 жылы 19 мамырда Түрікменстан Республикасы, Лебап облысында дүниеге келдім. Қазақстан Республикасының азаматымын. Білімім жоғары.

2015-2019 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде “Мәдени-тынығу жұмысы” мамандығы бойынша білім алдым.

Еңбек жолымды 2019 жылы бастадым. Қазіргі уақытта Байзақ аудандық  әл -Фараби  атындағы  мәдениет үйінде еңбек етемін.

Отбасылымын, үш баланы тәрбиелеп отырмын.

Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде туған өлкеміздің өркендеуіне, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға және қоғамдағы өзекті мәселелердің оң шешімін табуына өз үлесімді қосуды мақсат етемін.

Осы мақсатта төмендегі басым бағыттарды өзімнің сайлауалды бағдарламамның негізі ретінде ұсынамын.

  1. Ауыл инфрақұрылымын жақсарту

— Сарыкемер ауылының ішкі көшелеріндегі жолдардың сапасын жақсарту және жөндеуді қажет ететін көшелерді кезең-кезеңімен жөндеу мәселесін көтеру.

— Ауыл көшелерін түнгі жарықтандыру жүйесімен қамту жұмыстарын жандандыру.

— Жаяу жүргіншілер жолдары мен қоғамдық орындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ету.

— Балалар ойын алаңдары мен демалыс орындарын абаттандыруға ұсыныстар енгізу.

2.Сапалы ауыз су және коммуналдық қызмет

— Тұрғындарды үздіксіз әрі сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстауға ықпал ету.

— Су құбырларының тозған бөліктерін жаңарту және апатты жағдайлардың алдын алу жөнінде ұсыныстар енгізу.

— Тұрғындарға көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мәселелерін көтеру.

  1. Әлеуметтік қолдау және халықтың әл-ауқатын арттыру.

— Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік мәселелерін назарда ұстау.

— Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдық ортаға кедергісіз қолжетімділігін жақсарту мәселелерін көтеру.

— Ардагерлер мен қарт азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету шараларын жандандыруға ықпал ету.

— Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту және кәсіптік оқыту мүмкіндіктері туралы ақпараттандыруға атсалысу.

  1. Жастар саясаты, білім және спорт

— Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған жобаларды қолдау.

— Спорт алаңдары мен балалар ойын алаңдарының қолжетімділігі мен қауіпсіздігін жақсарту.

— Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

— Білімді, белсенді және бастамашыл жастардың қоғамдық жобаларына қолдау көрсету.

— Оқушылар мен студенттердің зияткерлік, шығармашылық және спорттық байқауларға қатысуына жағдай жасауға ықпал ету.

5.Мәдениет, өнер және ұлттық құндылықтар 

— Ауылдағы мәдени-көпшілік іс-шаралардың мазмұны мен сапасын арттыруға атсалысу.

— Ұлттық өнерді, салт-дәстүрді, ана тілімізді және рухани құндылықтарды насихаттау.

— Өнерлі балалар мен талантты жастарды қолдау.

— Мәдениет қызметкерлерінің шығармашылық бастамаларын дамытуға ықпал ету.

— Ауылдың тарихын, шежіресін және елге еңбегі сіңген азаматтардың өнегелі өмір жолын насихаттау.

  1. Кәсіпкерлікті дамыту және жұмыспен қамту

— Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы тұрғындарды ақпараттандыру.

— Ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек адамдарының ұсыныстарын назарға алу.

— Жастар мен жұмыссыз азаматтарды кәсіптік даярлау және қайта даярлау мүмкіндіктерін қолдау.

7.Экология, тазалық және абаттандыру

— Ауыл аумағының санитарлық тазалығын сақтау жұмыстарын жүйелі жүргізуге ықпал ету.

— Ағаш отырғызу, көгалдандыру және жасыл желектерді көбейту бастамаларын қолдау.

— Балалар мен жастар арасында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі түсіндіру жұмыстарын қолдау.

  1. Қоғамдық қауіпсіздік және тұрғындардың өтініштерімен жұмыс

— Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді назарда ұстау;

 Көшелер мен қоғамдық орындардағы жарықтандыруды жақсарту арқылы қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал ету;

— Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, мектептер мен балалар мекемелері маңындағы қауіпсіздік шараларын күшейту жөнінде ұсыныстар енгізу.

— Көтерілген мәселелердің орындалу барысы туралы халыққа ашық ақпарат беріп отыру.

  1. Халықпен кері байланыс және ашықтық

Депутаттық қызметтің негізгі міндеттерінің бірі – халық пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы байланысты нығайту.

— Тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу.

— Әрбір азаматтың ұсынысы мен өтінішіне жауапкершілікпен қарау.

Құрметті Сарыкемер ауылының тұрғындары!

Мен үшін депутаттық қызмет – атақ немесе мәртебе емес, ең алдымен халық алдындағы үлкен жауапкершілік.

Тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, олардың ұсыныстарын тиісті деңгейде көтеру және заң аясында шешілуіне ықпал ету – менің негізгі міндеттерімнің бірі болмақ.

Ауылымыздың өркендеуі – ортақ мақсатымыз!

Тапсырыс жасаған тұлға: №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Жоламан Қанатұлы Жиенбаев. Қандай қаражат ақысынан төленген:

Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.