Спаналиева Индира Абилхановнаның сайлауалды бағдарламасы

0 120

Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №11 Бірмандаттық  Аумақтық Сайлау Округі Бойынша  “Әділет” Партиясынан  Ұсынылған Кандидат Спаналиева Индира Абилхановнаның Сайлауалды Бағдарламасы

Мен, Спаналиева Индира Абилхановна,1973 жылы 11 сәуірінде Тұрар Рысқұлов ауданы, Тереңөзек ауылында дүниеге келдім. 1991 жылы Жамбыл атындағы орта мектепті бітіріп, 1995 жылы Жамбыл педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетінің күндізгі бөлімін  аяқтадым.

1995-1998 жылдары Тараз қаласындағы №7 кәсіптік-техникалық училищесінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2001-2004 жылдары «Қайнар» университетінің жанындағы гуманитарлық-техникалық лицейінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқардым.

2004 жылдан Байзақ ауданы әкімдігі білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері, 2005-2020 жылдар аралығында осы бөлімнің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері, 2020-2021 жылдары білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, 2021-2023 жылдары аралығында Түймекент орта мектебінің директоры болып қызмет атқардым.

2023 жылдың ақпанынан бастап 2026  жылдың қазанына дейін «AMANAT» партиясы Байзақ аудандық филиалының төрағасы қызметін атқарып келдім. 2026 жылдың қазанынан бастап «Әділет» партиясы Байзақ аудандық филиалының төрағасы қызметін атқарудамын.

2011-2015 жылдары аудандық «Іскер әйелдер» қауымдастығының мүшесі, Астана қаласында өткен «Іскер әйелдер» ассоциация І съезінің делегаты, 2021-2023 жылдары Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі Байзақ ауданы бойынша филиалының төрайымы қызметін қосымша атқарғанмын.

2005-2011 жылдар аралығында Партияның «Жас Отан» жастар қанатының Байзақ аудандық филиалындағы атқарушы хатшысы, 2010-2013 жылдары аралығында Партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің хатшысы қызметтерін қосымша қоғамдық жұмыс ретінде абыроймен атқардым.

Еңбегім мен қоғамдық қызметім үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты мен Құрмет грамотасына, аудан әкімінің және партияның Құрмет грамоталарына ие болдым. Сондай-ақ «Ұлт патриоты», «Батыр шапағаты», «AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін» және «Байзақ ауданына сіңірген еңбегі үшін» медальдарымен марапатталдым.

Партияның аудандық филиалының 2023–2026 жылдары облыстық «Үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» байқауында І орын иеленуіне, сондай-ақ «Үздік филиал», «Жаңашыл филиал» номинацияларына қол жеткізуіне үлес қостым. Сайлау және референдум науқандарындағы жұмысыма байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің және партия төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталдым.Тұрмыс құрғанмын, отбасымда 3 қыз, 1 ұлым бар.

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!

Мен «Әділет» партиясының атынан Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат ретінде сайлауға қатысып отырмын.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

ӘДІЛЕТТІ АУЫЛ – ӨРКЕНДЕГЕН АУДАН – ӘЛ-АУҚАТТЫ ХАЛЫҚ

Байзақ ауданының ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік пен өндірісті дамытуға мүмкіндігі мол. Басты мақсат – осы әлеуетті тиімді пайдаланып, тұрғындардың табысын арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және ауылдардың әлеуметтік-экономикалық дамуына жағдай жасау.

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

  1. I. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТ

Аудан экономикасын әртараптандыру, инвестиция тарту, өндірісті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау арқылы жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ету.

  1. II. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Жер мен су ресурстарын тиімді пайдалану, су тапшылығын азайту, шаруалардың шығынын төмендету және ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мәселелерін шешуге қолдау көрсету.

III. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

Ауыл кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ету.

  1. IV. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚ ТАБЫСЫ

Еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау, жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдарының байланысын нығайту, тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына жағдай жасау.

  1. V. АУЫЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

Ауылішілік жолдардың сапасын жақсарту, ауыз сумен, электр жарығымен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру және елді мекендердің тазалығы мен абаттандырылуын назарда ұстау.

  1. VI. БІЛІМ, БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЖАСТАР САЯСАТЫ

Мектеп, ата-ана, құқық қорғау органдары арасындағы байланысты күшейтіп, балалар қауіпсіздігі мен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын қолдау. Жастарға спорт секциялары, шығармашылық үйірмелер мен мәдени орталықтардың қолжетімділігін арттыруға ықпал ету.

VII. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Ауылдық медициналық пункттер мен амбулаториялардың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту және тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мәселелерін көтеру.

VIII. ӘЛЕУМЕТТІК ӘДІЛЕТТІЛІК

Әлеуметтік осал топтағы азаматтарды жұмыспен қамту, кәсіп бастауына қолдау көрсету және қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік жасау.

  1. IX. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

Ауылдық мәдениет үйлері, кітапханалар мен спорт нысандарының жағдайын жақсарту бастамаларын қолдау.

  1. X. ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОЛАЙЛЫ ҚОРШАҒАН ОРТА

Қоқыс жинау жүйесін жетілдіру, заңсыз қоқыс орындарын жою, қоғамдық аумақтарды тазалау және көгалдандыру жұмыстарын қолдау.

Депутат болып сайланған жағдайда:

  1. Алғашқы 100 күнде тұрғындардың өтініштерін жинақтап, басым мәселелерді анықтаймын.
  2. Тұрақты негізде тұрғындармен кездесулер өткізіп, өтініштердің орындалу барысын бақылап, шешімін таппаған мәселелерді тиісті деңгейде қайта көтеремін.
  3. Жыл қорытындысында атқарылған депутаттық жұмыс, енгізілген ұсыныстар, қаралған өтініштер және қол жеткізілген нәтижелер туралы сайлаушыларға ашық есеп беремін.

Тапсырыс жасаған тұлға: №11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Индира Абилхановна   Спаналиева.

Қандай қаражат ақысынан төленген: Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.