Турсынбекова Камшат Боранкуловнаның сайлауалды бағдарламасы

0 189

Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №2 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша Өзін-Өзі Ұсынған Кандидат Турсынбекова

Камшат Боранкуловнаның Сайлауалды Бағдарламасы 

ӨМІРБАЯН

Мен, Турсынбекова Камшат Боранкуловна, 1982 жылдың 8 сәуірінде Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ақтөбе ауылында дүниеге келдім.

1989 жылы Абай атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, алғашқы білімімді осы мектептен алдым. 1999 жылы аталған мектепті аяқтадым.

1999 жылы Тараз қаласындағы Тараз мемлекеттік университетінің “Тарих, құқық және экономика” факультетіне оқуға түсіп, 2003 жылы тәмамдадым.
Еңбек жолымды 2005 жылы Жібек жолы ауылындағы №5 орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі қызметінен бастадым. 2008 жылдан бастап Амангелді атындағы орта мектепте тарих пәнінің мұғалімі, сонымен қатар тәлімгер қызметін атқарып, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруге өз үлесімді қосып келемін.
2022 жылы мектеп директорының әдістеме ісі жөніндегі орынбасары, 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін.

Кәсіби қызметім барысында оқушыларды түрлі пәндік олимпиадаларға, ғылыми-шығармашылық байқауларға және интеллектуалдық сайыстарға дайындап, бірқатар нәтижелерге қол жеткіздім. Жазушы-драматург, журналист Оралхан Бөкейдің 80 жылдығына орай өткізілген «Алтайдың асқақ жыршысы» аудандық байқауына үздік шәкірт дайындағаным үшін Алғыс хатпен, оқушыларымды Қазақстан тарихынан Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасына дайындап, жүлделі нәтижелерге қол жеткіздім. Жас ұрпақтың интеллектуалдық дамуына, білімін шыңдауға қосқан үлесім үшін Алғыс хатпен, «Uzdik Ustaz» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында оқу-әдістемелік материалым жарияланып, Грамота және сертификатпен марапатталдым.

«Біртұтас кеңістік: оқыту пәндерін интеграциялаудың модельдері» тақырыбындағы республикалық семинар аясында өткізілген педагогикалық олимпиадада І орын, «Білікті ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасында тарих пәні бойынша І орынды иелендім. «Көшбасшылық -табысқа бастар жол» тақырыбындағы оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының аудандық форумына, сондай-ақ, Жошы ұлысының 800 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық «Жошы ұлысы және Сарайшық – Қазақ мемлекеттілігінің бастауында» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияға қатысқаны үшін марапатталдым.
Отбасылымын, үш ұл, бір қыз тәрбиелеудеміз.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

«АУЫЛДЫҢ ДАМУЫ – ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ!»

Халық үніне құлақ асатын, ел мүддесін қорғайтын депутат болу-басты мақсатым. Мәслихат депутаттығына кандидат ретінде мақсатым-ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тиісті орындарға жеткізу, өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу.

НЕГІЗГІ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫМ

  1. Ауылдың инфрақұрылымын дамыту.

Ауыл көшелерін жөндеу және асфальттау мәселесін көтеру.

Көшелерді жарықтандыруды кезең-кезеңімен жақсарту, ауыз су сапасы мен тұрақты берілуіне қатысты мәселелерді назарда ұстау.

Жаяу жүргіншілер жолдары мен қоғамдық орындарды абаттандыруға ықпал ету. Білімді ұрпақ – жарқын болашақ. Ауыл балаларының сапалы білім алуына тең мүмкіндік жасау мәселелерін көтеру (мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу интернет желісін жеткізу, жаңа технологиялық құралдар мен жабдықтау).

  1. Жастардың қосымша білім, спорт және шығармашылық үйірмелеріне қатысуына жағдай жасауға ықпал ету, спорт зал, мектеп асханасы, мамандар кабинеті заманауи талапқа сай орналасуына ықпал ету, ұлттық тәрбие мен тарихи құндылықтарды насихаттау.
  2. Жастар саясаты және жұмыспен қамту. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсететін бағдарламалар туралы ақпараттандыру.

Жастардың қоғамдық жұмыстарға, волонтерлік қызметке белсенді араласуына ықпал ету.

  1. Ауылдың әлеуметтік жағдайын жақсарту. Ауылішілік жолдардың сапасын жақсарту мәселесін көтеру.

Көшелерді жарықтандыру және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ету.

Ауыз су, электр энергиясы және интернет сапасына қатысты мәселелерді тиісті органдарға жеткізу.  Ауылдың тазалығы мен абаттандырылуын тұрақты назарда ұстау.

  1. Отбасы, ана мен бала және әлеуметтік қолдау.

Көпбалалы және әлеуметтік осал отбасылардың мәселелеріне назар аудару.

Жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажеттіліктерін назарда ұстау.

Ана мен бала қауіпсіздігі, отбасылық құндылықтарды нығайту бағытындағы жұмыстарды қолдау.

  1. Мәдениет, тарих және ұлттық құндылықтар. Ауылдың тарихи мұрасын, шежіресі мен мәдени құндылықтарын сақтау.

Ардагерлер мен еңбек адамдарының өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа үлгі ету.

Ұлттық салт-дәстүр мен ана тіліміздің мәртебесін насихаттау.

Ауылда мәдени-көпшілік іс-шаралардың ұйымдастырылуына қолдау көрсету. Кітап оқу мәдениетін дамыту және рухани құндылықтарды дәріптеу.

  1. Таза ауыл – ортақ міндет.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы жұмыстарды қолдау.

Ауыл аумағындағы тазалық пен көгалдандыру мәселелерін жүйелі көтеру.

Заңсыз қоқыс орындарының алдын алу.

  1. Ашықтық, әділдік және халықпен тұрақты байланыс, тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізу.

Әрбір азаматтың өтініші мен ұсынысын назардан тыс қалдырмау. Ауылдың өзекті мәселелерін мәслихат отырыстарында көтеру.

Жергілікті бюджет қаражатының тиімді әрі ашық жұмсалуына қатысты қоғамдық бақылау мен депутаттық өкілеттік шеңберінде жұмыс жүргізу.

Атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарға жүйелі есеп беру. 

Тапсырыс жасаған тұлға: №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат

Камшат Боранкуловна Турсынбекова.

Қандай қаражат ақысынан төленген: Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.