Тойбаев Асхат Каныбековичтың сайлауалды бағдарламасы

0 245

Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №7 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша Өзін-Өзі Ұсынған Кандидат Тойбаев Асхат Каныбековичтың Сайлауалды Бағдарламасы

КӨКТАЛ  АУЫЛЫНЫҢ КЕЛЕШЕГІ- САПАЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ, ҚОЛАЙЛЫ ӨМІР, ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК.

ӨМІРБАЯН

Мен, Тойбаев Асхат Каныбекович, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Көктал ауылында дүниеге келдім.

Тараз мемлекеттік университетін «Инженер» мамандығы бойынша тәмамдадым.

Еңбек жолымды «Жамбыл Полиотдел» мекемесінде электромонтер қызметінен бастадым. Кейін «ДЭМ Северная Подстанция» мекемесінде электромонтер болып еңбек етіп, Орталық диспетчерлік пунктінде диспетчер қызметін атқардым.

Қазіргі уақытта жеке кәсіпкерлікпен айналысамын.

Отбасылымын, бес бала тәрбиелеп отырмын.

 САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ

1.Инженерлік инфрақұрылым және қауіпсіздік

-Көпқабатты тұрғын үйлер аумағындағы жолдарды абаттандырып, көлік қозғалысын реттеу мәселесін көтеру.

-Ауыз су жүйесіне қосылмаған үйлерді орталықтандырылған желіге қосуға ықпал ету.

-Көше жарығын кеңейту, ескірген электр желілерін жаңарту және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін көтеру.

-Коммуналдық қызметтердің сапасын жақсартуға атсалысу.

  1. БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ БАЛАЛАРҒА ҚОЛАЙЛЫ ОРТА

-«Саялы» балабақшасына күрделі жөндеу жүргізу мәселесін көтеру.

-Көктал орта мектебіндегі оқушы санының артуына байланысты білім беру инфрақұрылымын кеңейтуге ықпал ету.

-Мектептер мен балабақшалардың материалдық-техникалық базасын жақсарту.

-Балалар ойын және спорт алаңдарын, мектепке баратын қауіпсіз жаяу жүргіншілер жолдарын дамыту.

  1. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

-Көктал дәрігерлік амбулаториясына күрделі жөндеу жүргізу мәселесін көтеру.

-Балалар, қарттар және созылмалы аурулары бар тұрғындар үшін профилактикалық тексерулердің қолжетімділігін арттыруға ықпал ету.

-Медициналық қызмет сапасына қатысты тұрғындардың өтініштерін жауапты органдарға жеткізу.

  1. ЖОЛ, КӨЛІК ҚАТЫНАСЫ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ

-Ауылішілік жолдарды жөндеу мәселесін кезең-кезеңімен шешуге ықпал ету.

-Тротуарлар мен қауіпсіз қозғалыс аймақтарын, әсіресе мектептер мен әлеуметтік нысандар маңында дамыту.

-Қоғамдық көлік бағыттары мен аялдамалардың жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу.

-Ауыл көшелерін көгалдандыру, қоғамдық орындарды абаттандыру және тазалық жұмыстарын қолдау.

5.КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

-Шағын және орта бизнесті дамытуға кедергі келтіретін мәселелерді шешуге ықпал ету.

-Ауылға инвестиция тарту және жаңа кәсіпкерлік нысандарын ашу бастамаларын қолдау.

-Жастар мен жұмыссыз азаматтардың кәсіптік оқыту және жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысуына ықпал ету.

-Мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген несиелер туралы ақпараттың қолжетімді болуын қамтамасыз етуге атсалысу.

-Жергілікті өнімдер мен қызметтердің дамуына, кәсіпкерлер арасындағы байланысты нығайтуға қолдау көрсету.

  1. МӘДЕНИЕТ, СПОРТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІК

-Ауылдық мәдениет үйінің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту және мәдени шаралардың тұрақты өтуіне ықпал ету.

-Спорт кешені мен алаңдардың қолжетімділігі мен қауіпсіздігін назарда ұстау.

-Балалар мен жастар арасында бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін насихаттау.

-Жастардың шығармашылық жобалары мен қоғамдық бастамаларын қолдау.

7.ХАЛЫҚПЕН КЕРІ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АШЫҚТЫҚ

-Тұрғындармен тұрақты кездесіп, өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдау.

-Әлеуметтік осал отбасылардың, ардагерлердің, зейнеткерлер мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың мәселелерін тиісті органдар алдында көтеру.

-Жергілікті бюджетте тұрғындар үшін маңызды жобалардың ескерілуіне ықпал ету.

-Депутаттық сауалдар арқылы өзекті мәселелердің шешілуін бақылау.

-Атқарылған жұмыстар мен қабылданған шешімдер туралы тұрғындарға тұрақты есеп беру.

ҚҰРМЕТТІ КӨКТАЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

Мен осы ауылда дүниеге келіп, оның тыныс-тіршілігімен біте қайнасып өстім. Көктал ауылының жетістіктері де, шешімін күткен мәселелері де маған жақсы таныс. Сондықтан туған ауылымның өркендеуіне үлес қосу-мен үшін азаматтық парыз. Тұрғындардың сеніміне ие болған жағдайда ауылдың өзекті мәселелерін аудандық мәслихат деңгейінде көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етемін. Сонымен қатар бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылап, атқарылған жұмыстар жөнінде халыққа тұрақты ақпарат беруді міндетім деп санаймын.

Менің мақсатым-құр уәде беру емес, ауылдың қажеттіліктерін нақты анықтап, олардың шешілуіне табанды түрде атсалысу. Ауылдың әрбір мәселесі және әрбір тұрғынның ұсынысы мен үшін маңызды. Елдімекеннің ертеңі үшін қабылданған бастамалардың нақты іске асуына, халықтың талап-тілегінің ескерілуіне күш саламын.

Тапсырыс жасаған тұлға: №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Асхат Каныбекович Тойбаев.

Қандай қаражат ақысынан төленген:

Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.