Таутаев Даулет Бакытжановичтың сайлауалды бағдарламасы

0 201

Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №3 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша Өзін-Өзі Ұсынған Кандидат Таутаев Даулет Бакытжановичтың Сайлауалды Бағдарламасы

ӨМІРБАЯН

Мен, Таутаев Даулет Бакытжанович, 1993 жылы 18 шілдеде Жамбыл облысы, Байзақ ауданы Жетібай ауылында дүниеге келдім.

2011 жылы орта мектепті тәмамдадым. Білімімді жалғастырып, Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде (ТИГУ) дене шынықтыру мамандығы бойынша білім алдым.

2014 жылы Отан алдындағы азаматтық борышымды өтедім. Әскер қатарындағы қызметім бойымда тәртіптілік, жауапкершілік пен табандылық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етті. Елге оралғаннан кейін жеке кәсіппен айналысуға ден қойдым. Еңбек жолымның алғашқы кезеңінде егіншілікпен және жеке мал шаруашылығымен айналыстым. Сонымен қатар қой шаруашылығын дамытуға, оның ішінде қой тұқымын асылдандыру ісіне ерекше көңіл бөлдім. Ауыл шаруашылығы саласында тәжірибе жинақтап, адал еңбек пен табандылықты басты ұстанымыма айналдырдым. 2025 жылдан бастап «Жасұлан-Флора» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде еңбек етіп келемін. Өз ісіме жауапкершілікпен қарап, адал еңбекті өмірлік ұстанымдарының бірі санаймын.

Отбасылымын, үш бала тәрбиелеудемін.

Отбасы құндылықтарын жоғары бағалайтын, ұлттық салт-дәстүр мен құндылықтарды құрметтейтін, болашаққа нық сеніммен қарайтын азаматпын.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

«Ауыл шаруашылығы – ауылдың өркендеуінің негізі»

Құрметті ауыл тұрғындары!

Ауыл шаруашылы­­ғы-біздің негізгі ресурсымыз. Ауылдың дамуы- елдің дамуы.

Ауыл шаруашылығы-халқымыздың тұрмыс-тіршілігінің, берекесі мен ырысының негізгі тірегі. Сондықтан ауылдың әлеуетін арттыру, шаруалардың еңбегін қолдау және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту – басты мақсаттарымның бірі.

Менің сайлауалды бағдарламам ауыл шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы мен егіншілік саласын өркендетуге, ауылдағы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған.

НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫМ:

  1. Мал шаруашылығын дамыту

— Қой, ірі қара және жылқы шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету.

— Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын жандандыру.

— Мал азығын дайындау мәселесін шешуге ықпал ету.

— Мал өсірушілерге мемлекеттік бағдарламалар мен субсидиялар туралы ақпараттық қолдау көрсету.

  1. Егіншілік саласын өркендету

— Жерді тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыру.

— Шаруаларға егін егу, өнім өсіру және жинау бағытында қолдау көрсету.

— Суару жүйелерін жақсарту мәселесін көтеру.

— Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарығын кеңейтуге ықпал ету.

Ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы үшін мал және егін шаруашылығын өзара сабақтастыра отырып дамыту маңызды. Шаруалардың күнделікті жұмыс барысында кездесетін мәселелерін зерделеп, олардың ұсыныстарын тиісті мекемелерге жеткізуге көңіл бөлу қажет. Әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен қатар, оны өңдеу, сақтау және тұтынушыға жеткізу бағыттарын дамытуға мүмкіндік жасау маңызды. Жергілікті шаруалардың өзара тәжірибе алмасуына, жаңа жұмыс тәсілдерін меңгеруіне және шаруашылықтарын кеңейтуіне бағытталған бастамаларды қолдауға күш саламын.

  1. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау

— Ауыл тұрғындарының жеке кәсібін бастауына жағдай жасау.

— Жастарды кәсіпкерлікке тарту.

— Жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ету.

— Қолжетімді несие мен мемлекеттік қолдау тетіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

  1. Ауылдың инфрақұрылымын жақсарту

— Ауыз су мәселесін шешуге атсалысу.

— Ауылішілік жолдардың сапасын жақсарту.

— Көшелерді жарықтандыру және абаттандыру жұмыстарын жандандыру.

-Ауылды көркейту және оның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту-мемлекеттік саясаттың стратегиялық маңызды міндеті.Ауылдың тазалығы мен көркейту жұмыстарына ерекше көңіл бөлу.

  1. Жастар мен ауыл тұрғындарының әл-ауқаты

— Жастардың ауылда тұрақтап, еңбек етуіне мүмкіндік жасау.

— Спорт пен бұқаралық дене шынықтыруды дамыту.

— Әлеуметтік мәселелерді назардан тыс қалдырмау.

— Ардагерлерге, көпбалалы және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға көңіл бөлу.

БАСТЫ ҰСТАНЫМЫМ

Мен үшін ауылдың әрбір тұрғынының пікірі маңызды. Халықпен тұрақты байланыс орнатып, көтерілген мәселелерді назарға алып, олардың шешілуіне бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын.

Мақсатым – ауылдың ауыл шаруашылығы дамыған, кәсіпкерлігі өркендеген, тұрғындары үшін қолайлы әрі берекелі мекенге айналуына үлес қосу.

Ауылдың болашағы – бірлікте, берекесі – еңбекте, дамуы – нақты істе!

Тапсырыс жасаған тұлға: №3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Даулет Бакытжанович Таутаев.

Қандай қаражат ақысынан төленген: Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.