Зайнишов Мухамеджан Асановичтың Сайлауалды Бағдарламасы
Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №7 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша “Ауыл” Партиясынан Ұсынылған Кандидат Зайнишов Мухамеджан Асановичтың Сайлауалды Бағдарламасы
Мен, Зайнишов Мухамеджан Асанович, 1967 жылғы 17 наурызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданында дүниеге келдім.
1984 жылы Көктал орта мектебін бітірдім.1984 жылы Луговой зооветеринарлық техникумына (қазіргі «Құлан агротехникалық жоғары колледжіне») зоотехник мамандығы бойынша оқуға түстім.
1985–1987 жылдары Германияның Гота қаласында артиллерия полкінде әскери борышымды өтедім. Әскери қызметтен оралған соң оқуымды қайта жалғастырдым.
Еңбек жолым:
1997 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысып келемін.
Отасылымын, 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеудемін.
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Биылғы жыл еліміздің тарихындағы ең маңызды кезеңдердің бірі болды. Тәуелсіздігімізге 35 жыл толды. Жаңа Конституциямыз қабылданды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі жаңғырып, жаңа билік институттары құрылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы айқындалған басты міндеттер -алдағы жұмыстың басты бағыттары болып табылады.
Мен ауданның дамуы үшін 7 басымдық ұсынамын:
1.Әділетті мемлекет – өркендеген қоғам
“Заң мен тәртіп” қағидатына сәйкес, азаматтардың қауіпсіздігін сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың заңды құқықтарын қорғау бойынша іс-шаралар жүргізу.
-Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын ілгерілету.
- Азық-түлік қауіпсіздігі мен қолжетімді бағалар – тұрақтылық негізі
Сапалы отандық өнімнің әрбір азаматқа қолжетімді болуын және өңір өндірушілерінің еңбегі лайықты бағалануын мақсатында өнім өндіру, өңдеу және өткізудегі күш-жігерді біріктіру үшін, тауар өндірушілер кооперациясын дамытуға жәрдемдесу.
-Мемлекеттік қолдауды шынымен өнім өндіретін және жұмыс орындарын құратын адамдарға бағыттау.
3) өңірдегі өнім өндірушілердің мүдделерін қорғау.
- Сенімді инфрақұрылым – өңірлерді дамыту кілті
Өңірде кешенді дамыту саясатын қолдай отырып, жергілікті деңгейдегі барлық жолдардың сапалы салынуын тұрақты түрде бақылауда ұстау, су ресурстарының тапшылығын болдырмау мақсатында тиімді және үнемдеп пайдалану қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету; барлық инфрақұрылымдық жобаларға қоғамдық бақылау орнату.
- Әділетті әлеуметтік саясат – өмір сапасының кепілі
Әр азаматқа лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз ететін, отбасы әл-ауқатын нығайтатын және қала мен ауыл тұрғындары үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыратын әлеуметтік саясатты қолдай отырып, төмендегі мақсаттарға қол жеткізуді көздеймін:
-Тұрғылықты жеріне қарамастан мүгедектігі бар азаматтардың тең құқықтарын қамтамасыз етуге, жұмыспен қамтылуына және қолжетімді орта қалыптастыруға бағытталған іс-шараларға қолдау көрсету;
3) барлық ауылдардағы денсаулық сақтау ұйымдарының қажетті медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуіне ықпал ету;
4) коммуналдық қызметтер саласындағы тариф белгілеудің ашықтығы мен әділдігін арттыруға бағытталған шараларға, оның ішінде тарифтердің өсуіне қоғамдық бақылау жасау.
- Білім мен ғылым-болашаққа бастар жол
Жастардың және егдей жастағылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, ақпараттық технологиялар саласындағы білімін жетілдіруге бағытталған бастамаларды қолдаймын.
- Дәстүрлі отбасы саясаты – мемлекет іргетасы
Отбасының рөлін көтеру-кез келген қоғамның тұрақтылығы мен болашақ ұрпақтың салауатты дамуын қамтамасыз ететін ең маңызды стратегиялық міндет.
Қазіргі таңда отбасының рөлін нығайту, адал еңбекті насихаттау, отбасындағы зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, әйелдер мен балаларға қатысты қатыгездіктің алдын алу, әйелдер кәсіпкерлігін дамытуды қолдау, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға тең мүмкіндіктер жасалуына қозғау салу.
- Экология – тұрақты даму кепілі
Жасыл аймақтарды дамыту және өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында саябақтар мен гүлзарлар құру, көгалдандыру мен көгеріштендіру, жасыл аймақтарды құрылыстан қорғау және абаттандыру іс-шараларын іске асыру.
Сонымен бірге тұрғындардың күнделікті мәселелерін назардан тыс қалдырмай, көтерілген ұсыныстардың тиісті деңгейде қаралуына, жоспарланған жұмыстардың сапалы орындалуына және нәтижесі туралы ашық ақпарат берілуіне мән беремін.
Ауылдың дамуы халықтың әл-ауқатының өмір сапасына байланысты. Сондықтан әрбір бастама нақты қажеттілікке негізделіп, оны жүзеге асыру жолдары заң талаптары мен бюджет мүмкіндіктерін аясында қаралуы тиіс. Алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда халықтың ұсыныс-пікіріне сүйеніп, жауапты мекемелермен бірлескен жұмыстың нәтижелі болуына күш саламын.
Сіздердің сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз мен үшін маңызды. Менің бағдарламам-өңірді дамытуға бағытталған нақты қадам.
Гүлденсе ауыл-гүлденеді еліміз!
Тапсырыс жасаған тұлға: №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Мухамеджан Асанович Зайнишов.
Қандай қаражат ақысынан төленген:
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.