Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау

0 37

Қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету бөлімі арқылы 690 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Оның ішінде жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын жасау; жер-кадастрлық жоспарын жасау; жер учаскесінің кадастрлық бағалау құнын анықтау; жобаланатын жер учаскесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық базасымен сәйкестігін тексеріп келісу және мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін беру, жер учаскесіне жерге орналастыру жобасын әзірлеу; жерге орналастыру жобасын жерге көшіру, жер учаскесінің басына барып нақты шекараларын белгілеу, жерді түгендеуді жүргізу т.б. жерге орналастыру жұмыстары бар.

«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі әзірледі. Мемлекеттік қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: елді мекендердің жерлері үшін – 5 (бес) жұмыс күні, басқа санаттағы жерлер үшін – 10 (он) жұмыс күні. Бұл ретте құжаттарды қабылданған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Төлем қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен екінші деңгейдегі банктер арқылы көрсетілетін қызметті берушінің есептік шотына жүргізіледі, олар төлем мөлшері мен күнін растайтын төлем құжатын (түбіртек) береді.

Мемлекеттік қызмет жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» тәртібінде көрсетіледі. Электрондық кезекті портал арқылы броньдауға болады.

Н. САНСЫЗБАЕВ,

Т.Рысқұлов аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы.

Жамбыл облысы.