ЭЦҚ кілті қалтаңда

0 13

Қазір қалтаңызда пәтер мен көліктің кілтін ғана емес, ЭЦҚ кілтіңізді де алып жүруге болады. Ол үшін оны смартфоныңызға жүктеп алсаңыз жеткілікті.

Егер сіздің телефоныңыз Android платформасында болса, ЭЦҚ-ны ұялы телефонға USB кабелін пайдалана отырып, қарапайым файл ретінде жүктеуге болады. Смартфонды USB-кабель арқылы компьютерге қосыңыз да, «Менің компьютерім» бөліміне кіріп, ЭЦҚ-ны (AUTH, RSA-…p12 файлдары) смартфонның жад картасына көшіріп алыңыз.

Егер сіздің телефоныңыз iOS операциялық жүйесінде болса, сертификатты жүктеу үшін келесі әрекеттерді орындау керек:

  1. iTunes бағдарламасын компьютерге орнатыңыз;
  2. Смартфонды компьютерге USB кабелі арқылы қосыңыз;
  3. iTunes-ке өтіп, құрылғы батырмасын басып, «Ортақ файлдарға» өтіңіз;

3.Сол жақтағы тізімнен eGov mobile бағдарламасын таңдаңыз;

  1. «Қосу» батырмасын басыңыз, көшіргіңіз келетін ЭЦҚ файлдарын таңдаңыз және тағы да «Қосу» батырмасын басыңыз.

Міне енді сіздің ЭЦҚ-ңыз әрдайым өзіңізбен бірге болады. Бұл сіздің уақытыңызды үнемдеп, қауіпсіздігіңізді арттырады.

Ж. ЖАРМАЕВА,

Қордай аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі басшысының орынбасары.

Жамбыл облысы.