Бейсеналиев Ерзат Серікұлының сайлауалды бағдарламасы
МЕРКІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА №5 БІРМАНДАТТЫҚ САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША ӨЗІН-ӨЗІ ҰСЫНҒАН КАНДИДАТ
БЕЙСЕНАЛИЕВ ЕРЗАТ СЕРІКҰЛЫНЫҢ
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
ӨМІРБАЯН
Мен, Бейсеналиев Ерзат Серікұлы, 1974 жылғы 15 қаңтарда Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Ойтал ауылында дүниеге келдім.
1981 жылы Ойтал ауылындағы Қ.Сарымолдаев атындағы №12 орта мектептің 1-сыныбына қабылдандым. Аталған мектепті 1991 жылы аяқтап, орта білім алдым.
1992 жылғы маусым – 1993 жылғы желтоқсан айлары аралығында Отан алдындағы әскери борышымды өтедім.
1994 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы мемлекеттік университетке оқуға түсіп, аталған оқу орнын 1998 жылы «Кәсіптік білім және еңбек» мамандығы бойынша тәмамдадым.
1994 жылғы маусым – 1997 жылғы қаңтар айлары аралығында Меркі қант зауытының күзет бөлімінде жұмыс істедім.
2001 жылғы желтоқсан – 2003 жылғы қазан айлары аралығында А.Қосанұлы атындағы №18 орта мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі болып жұмыс істедім.
2003 жылғы қазан – 2009 жылғы тамыз айлары аралығында №9 Савва атындағы орта мектепте директордың шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары болып қызмет атқардым.
2009 жылғы тамыз – 2010 жылғы тамыз айлары аралығында аталған мектепте аға электрик болып жұмысымды жалғастырдым..
2010-2013 жылдар аралығында жеке кәсіпкерлікпен айналыстым. 2013 жылғы наурыз айынан бүгінгі күнге дейін №48 орта мектебінде шаруашылық меңгерушісі болып қызмет атқарып келемін.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Құрметті сайлаушылар!
Ауылдың өркендеуі тұрғындарға қажетті инфрақұрылымның сапасына, әлеуметтік нысандардың жағдайына және күнделікті тұрмысқа қолайлы ортаның қалыптасуына байланысты. Білім беру ұйымдарында, өндіріс пен кәсіпкерлік саласында жинаған тәжірибеме сүйене отырып, №5 сайлау округі бойынша аудандық мәслихат депутаттығына кандидатурамды ұсынып отырмын.
Депутат болып сайланған жағдайда, төмендегі бағыттар бойынша тиісті мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізіп, мәселелердің депутаттық өкілеттігім мен бюджет мүмкіндіктері шеңберінде шешілуіне ықпал етемін.
- Білім беру нысандарының жағдайын жақсарту. Мектеп ғимараттарын жөндеу, жылу және электр жүйелерін жаңғырту, оқу кабинеттері мен шаруашылық нысандарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мәселелерін көтеремін. Білім беру мекемелерінде балалардың қауіпсіздігіне және қолайлы оқу ортасының қалыптасуына баса назар аударамын.
- Электрмен жабдықтау және көшелерді жарықтандыру. Елді мекендердегі ескірген электр бағаналары мен желілерін жаңарту, тұрғындарды электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету мәселелерін тиісті мекемелер алдында көтеремін. Жарықтандыруды қажет ететін көшелерді анықтап, тиісті жобалардың жоспарға енгізілуіне және кезең-кезеңімен жүзеге асуына атсалысамын.
- Жол инфрақұрылымы және абаттандыру. Ауылішілік жолдарды жөндеу, мектептер мен әлеуметтік нысандарға апаратын бағыттарда жаяу жүргіншілер жолдарын салу мәселелеріне назар аударамын. Тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруына жағдай жасау, көшелерді абаттандыру және қоғамдық орындарды күтіп ұстау жұмыстарының сапалы орындалуына ықпал етемін.
- Ауызсу және коммуналдық шаруашылық. Тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, тозған су құбырларын жаңғырту және коммуналдық желілердің тұрақты жұмыс істеуі мәселелерін көтеремін. Инженерлік жүйелердің техникалық жағдайын зерделеп, қажетті жөндеу жұмыстарының тиісті жоспарлар мен бюджетте қаралуына атсалысамын.
- Балалар, жастар және спорт. Ауылдарда балалар ойын алаңдарын, шағын спорт нысандарын дамытуға және қолданыстағы алаңдарды жөндеуге бағытталған бастамаларды қолдаймын. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, спортпен шұғылдануына және кәсіби білім алуына қолайлы жағдай жасау мәселелерін назарда ұстаймын.
- Тұрғындармен байланыс және депутаттық бақылау. Округ тұрғындарының ұсыныстары мен өтініштерін жүйелеп, оларды құзырлы органдардың қарауына жеткіземін. Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жобалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуына, бөлінген қаржының мақсатты пайдаланылуына депутаттық бақылау жүргізуге мән беремін.
Қадірлі жерлестер!
Мен бос уәде беруден гөрі, қолға алынған істің сапалы атқарылып, нақты нәтижеге жетуін маңызды санаймын. Сондықтан тұрғындар көтерген әрбір мәселенің тиісті деңгейде қаралуына, жоспарланған жұмыстардың орындалуына және олардың нәтижесі жөнінде ашық ақпарат берілуіне атсалысуға дайынмын.
Ауылға жанашырлық – сөзбен емес, күнделікті тіршілікке қажет нақты істермен көрінуі тиіс.
Құрметпен, Ерзат Бейсеналиев!
Меркі аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Е.Бейсеналиевтың сайлау қорының қаражатынан төленді.