Аташев Тасқын Орынханұлының сайлауалды бағдарламасы

0 4

МЕРКІ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНАН №15 БІРМАНДАТТЫҚ САЙЛАУ ОКРУГІ БОЙЫНША КАНДИДАТ

АТАШЕВ ТАСҚЫН ОРЫНХАНҰЛЫНЫҢ
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

ӨМІРБАЯН

Мен, Аташев Таскын Орынханұлы, 1977 жылғы 19 тамызда Жамбыл облысы, Меркі ауданының Ақтоған ауылында дүниеге келдім. 1984-1994 жылдары аудандағы №4 орта мектепте білім алдым.

1994 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтына оқуға түсіп, 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін инженер-механик мамандығы бойынша бітірдім. 2005-2007 жылдары А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде заңгер мамандығын алдым.

Еңбек жолымды 2000 жылы жеке күзет фирмасында күзетші болып бастап, 2002 жылға дейін жұмыс істедім. 2002-2003 жылдары №25744 әскери бөлімінде әскери борышымды өтедім. 2003-2005 жылдары «Күзет» ЖШС-де күзет бөлімшесінің бастығы, 2005-2013 жылдары Жамбыл облысының ішкі істер департаментінде қызмет атқардым.

2013 жылы «ДОТ» шаруа қожалығында механизатор болып жұмыс істедім. 2017 жылдан бері осы шаруашылықтың басшысымын. Меркі ауданы бойынша фермерлер қауымдастығының төрағасы ретінде және аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде қоғамдық жұмыстарға қатысамын. Отбасылымын, бір ұл, үш қыз тәрбиелеп отырмын.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Құрметті сайлаушылар!

Ауылдың дамуы, тұрғындардың тұрмыс сапасы және еңбек адамының мүддесін қорғау – негізгі мақсатым. «Ауыл» партиясының ұстанымдарына сүйене отырып, депутат болып сайланған жағдайда, өкілеттігім мен бюджет мүмкіндіктері шеңберінде төмендегі жеті бағытқа басымдық беремін.

  1. Әділетті мемлекет және заң үстемдігі. Қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың заңды құқықтарын қорғау бастамаларын қолдаймын. Тұрғындардың өмір сапасына әсер ететін мәселелерді көтеріп, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын ілгерілетуге атсалысамын.
  2. Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығы. Жергілікті өндірушілердің мүддесін қорғауға, кооперацияны және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамытуға ықпал етемін. Мемлекеттік қолдаудың өнім өндіретін, жұмыс орындарын ашатын шаруашылықтарға бағытталуын қолдаймын. Сапалы отандық азық-түліктің қолжетімді бағамен ұсынылуына мән беремін.
  3. Сенімді инфрақұрылым. Жолдардың сапалы салынуы мен жөнделуін депутаттық бақылауда ұстауға, су ресурстарын үнемдеу шараларын қолдауға күш саламын. Білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарының құрылысына қаржы қарастыру жөнінде ұсыныстар енгіземін. Инфрақұрылымдық жобаларға қоғамдық бақылауды қолдаймын.
  4. Әділетті әлеуметтік саясат. Еңбек жағдайларын жақсарту, мүгедектігі бар азаматтарды жұмыспен қамту және қолжетімді орта қалыптастыру бастамаларын қолдаймын. Ауылдық медициналық ұйымдарды қажетті жабдықтармен қамту мәселесін көтеремін. Коммуналдық тарифтердің ашықтығы мен әділдігіне, ардагерлердің құқықтары мен мүдделерінің қорғалуына назар аударамын.
  5. Білім және цифрлық сауаттылық. Ауылдық квотамен білім алған түлектердің жұмысқа орналасуына ықпал етемін. Егде жастағы азаматтарға қолжетімді оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру арқылы олардың цифрлық сауаттылығын арттыру бастамаларын қолдаймын.
  6. Отбасы және жастар. Отбасы құндылықтарын, ұрпақтар сабақтастығын және адал еңбекке құрметті нығайтатын іс-шараларды қолдаймын. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қорғау мәселелерін назарда ұстаймын. Әйелдер кәсіпкерлігін, еңбек әулеттерін қолдауға және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ықпал етемін.
  7. Экология және абаттандыру. Саябақтар мен гүлзарлар құру, елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі ұсыныстарды қолдаймын. Жасыл аймақтарды сақтауға, оларды құрылыстан қорғауға және өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған бастамаларға атсалысамын.

Қадірлі сайлаушылар! Тұрғындардың ұсыныстарын ескеріп, ауылдың өзекті мәселелерін шешуге ықпал етуге дайынмын. Сіздерді «Ауыл» партиясын қолдауға шақырамын.

   Гүлденсе ауыл – гүлденеді еліміз!

   Құрметпен, Тасқын Аташев!

Меркі аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Т.Аташевтың сайлау қорының қаражатынан төленді.