Жаңабеков Асқарбек Құмарбекұлының Сайлауалды Бағдарламасы

0 13

Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №10 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша Өзін-Өзі Ұсынған Кандидат Жаңабеков Асқарбек Құмарбекұлының Сайлауалды Бағдарламасы

ӨМІРБАЯН

Мен, Жаңабеков Асқарбек Құмарбекұлы, 1994 жылы 21 маусымда Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келдім.

Тараз қаласындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша жоғары білім алдым.

Еңбек жолымды 2017 жылы 4 қаңтарда Байзақ ауданындағы №8 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде әдіскер болып бастадым. 2017 жылғы 4 қаңтардан 2021 жылғы 1 сәуірге дейін осы қызметте жұмыс істедім.

2021 жылғы 5 қаңтардан бастап Байзақ ауданындағы №8 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде басшының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін.

Отбасылымын, 4 бала тәрбиелеудемін.

Сайлауалды бағдарлама

Менің басты мақсатым-сайлаушылардың сенімін ақтау, №10 сайлау округіне қарасты елдімекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу және тұрғындардың өзекті мәселелерінің шешілуіне ықпал ету. Егер депутат болып сайланған жағдайда, халықтың ұсыныстары мен өтініштерін назарға алып, оларды тиісті мемлекеттік органдар мен жауапты мекемелер алдында көтеруге күш саламын.

Спорт саласында жинақтаған еңбек тәжірибемді пайдалана отырып, жастардың дене шынықтырумен айналысуына, балалардың жан-жақты дамуына және ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдауды көздеймін.

Негізгі басымдықтарым:

  1. Бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру:

— Ауылдық жерлерде спортпен шұғылдануға арналған алаңдар мен жаттығу орындарының жағдайын жақсарту мәселесін көтеру.

— Балалар, жасөспірімдер және ересектер арасында бұқаралық спорттық жарыстар мен түрлі турнирлердің ұйымдастырылуына қолдау көрсету.

— Тұрғындарды дене шынықтырумен тұрақты айналысуға ынталандыратын спорттық жобаларды қолдау.

Спорт саласында еңбек етіп жүрген мамандардың тәжірибесін кеңінен пайдалануға және олардың жас спортшылармен жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасауға назар аударамын. Ауылдарда спорттық дәстүрлерді қалыптастырып, бұқаралық жарыстардың тұрақты өткізілуіне қолдау көрсету маңызды.

  1. Балалар мен жастардың дамуына қолдау көрсету:

— Жасөспірімдердің спорт секциялары мен үйірмелерге қатысуына қолайлы жағдай жасау бастамаларын қолдау.

— Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған мәдени, спорттық және қоғамдық іс-шараларды дамытуға атсалысу.

— Дарынды әрі қабілетті балалардың спорттық жетістіктерін қолдап, олардың аудандық және облыстық жарыстарға қатысуына мүмкіндік жасау мәселесін көтеру.

  1. Білім беру және тәрбие сапасын қолдау:

— Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселелеріне назар аудару.

— Мектептердегі спорт залдары мен спорттық құрал-жабдықтардың жағдайын жақсартуға ықпал ету.

— Білім беру және спорт мекемелері арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдау.

  1. Әлеуметтік қолдау және отбасы құндылықтарын нығайту:

— Көпбалалы және әлеуметтік осал отбасылардың өзекті мәселелерін тиісті мекемелерге жеткізу.

— Ардагерлер мен зейнеткерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдау.

— Балалардың спорттық, мәдени және білім беру іс-шараларына қатысуына тең мүмкіндік жасауға ықпал ету.

  1. Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті қолдау:

— Жастар мен жұмыссыз азаматтардың тұрақты жұмысқа орналасуына бағытталған бастамаларды қолдау.

— Кәсіптік білім алу мен сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруге мүмкіндік беретін жобаларды қолдауға атсалысу.

— Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған ұсыныстарды көтеру.

  1. Тұрғындармен тұрақты байланыс және қоғамдық бақылау

— №10 сайлау округіне қарасты елдімекендердің тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізу.

— Азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, көтерілген мәселелерді жүйелі түрде қарастыру.

— Көтерілген мәселелердің шешілу барысын бақылауда ұстап, қабылданған шешімдер туралы тұрғындарға ақпарат беріп отыру.

МЕНІҢ ҰСТАНЫМЫМ

Мен үшін депутаттық қызмет – халықтың сенімін ақтау және ел игілігі жолында жауапкершілікпен еңбек ету. Әрбір тұрғынның өтініші мен ұсынысына бейжай қарамай, олардың шешілуіне заң аясында ықпал етуді басты міндетім деп санаймын. Халықпен ашық байланыс орнатып, көтерілген мәселелердің орындалу барысын назарда ұстауға күш саламын.

Ортақ мақсатымыз-дені сау ұрпақ, дамыған ауыл және тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру!

Тапсырыс жасаған тұлға: №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Асқарбек Құмарбекұлы Жаңабеков.

Қандай қаражат ақысынан төленген:

Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.