Жамишжанов Алтынбек Миятұлының Сайлауалды Бағдарламасы
Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №10 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша “Әділет” Партиясынан Ұсынылған Кандидат Жамишжанов Алтынбек Миятұлының Сайлауалды Бағдарламасы
Мен, Жамишжанов Алтынбек Миятұлы, 1971 жылы Жамбыл облысы, Байзақ (бұрынғы Свердлов) ауданы, Үлгілі ауылында дүниеге келдім. 1994 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын “инженер-механик” мамандығы бойынша бітірдім.
Еңбек жолымды 1988 жылы Байзақ ауданы Үлгілі ауылының мәдениет үйінде көркемдік жетекші болып бастадым. 1994–2003 жылдары Байзақ аудандық электр жарығын тарату мекемесінде электрші, шебер-электрик қызметтерін атқардым. 2003–2021 жылдары Байзақ аудандық электр жарығын тарату мекемесінің бас инженері болдым.
2022 жылдың қаңтар айынан бастап Байзақ аудандық электр жарығын тарату мекемесінің басқарушысы болып қызмет атқарып келемін.
Өзім басқарып отырған Байзақ аудандық электр жарығын тарату мекемесі Байзақ ауданының тұрғындарын үздіксіз әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша Жамбыл облысында екінші орында.
Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, көмекке мұқтаж отбасыларға және мектеп оқушыларына демеушілік көрсетіп келемін. 2018 жылы Байзақ ауданының Тегістік ауылындағы көпбалалы отбасыға бес бөлмелі үй алып бердім. 2019 жылы Сарыкемер ауылындағы тоғыз балалы отбасына үй, ал 2024 жылы Сарыкемер ауылындағы көпбалалы жесір анаға жеке үй алып бердім. Ағымдағы жылы өз қаражатымның есебінен Байзақ ауданының Үлгілі ауылында жабық футбол алаңын және балалар ойын алаңын салдым. Сондай-ақ Үлгілі ауылының кіреберіс көшесіне арка орнаттым.
Елбасының «Балапан» бағдарламасы аясында 2014 жылы Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылында 200 орындық «Еңлік» жекеменшік балабақшасын, 2020 жылы 90 орындық «Еңлік» филиалын, 2024 жылы Үлгілі ауылында 125 орындық балабақшаны аштым. 2026 жылы Сарыкемер ауылында 200 орындық бөбекжай-бақша және 200 орындық жекеменшік мектеп аштым. Бұл мекемелерде шамамен 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
ҚҰРМЕТТІ БАЙЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!
Мен, Жамишжанов Алтынбек Миятұлы, «Әділет» партиясының атынан Байзақ аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат ретінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басым бағыттарды ұсынамын.
СЕНІМДІ ЭНЕРГИЯ – ДАМЫҒАН АУЫЛ – ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ!
Басты мақсатым – Байзақ ауданының тұрақты дамуына үлес қосу, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және әрбір азаматтың мүддесін қорғау.
Құрметті Байзақ ауданының тұрғындары!
Байзақ ауданының дамуы – ортақ жауапкершілігіміз. Ауданның әрбір елдімекенінде қолайлы өмір сүру жағдайын қалыптастыру, инфрақұрылым сапасын жақсарту, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу және экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту – бүгінгі күннің маңызды міндеттері.
Менің ұстанымым – халықтың сенімін ақтау, нақты мәселелерді көтеру және олардың заңды әрі тиімді шешілуіне ықпал ету.
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ
Электр энергиясының тұрақтылығы-халықтың тұрмыс сапасы мен аудан экономикасының дамуына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Сондықтан электр желілерінің сенімділігін арттыру және тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету менің бағдарламамның негізгі басымдығы болады.
Туған жердің тазалығы мен табиғи байлықтарын сақтау- баршаға ортақ жауапкершілік. Қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру үшін тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу, табиғатты қорғау және қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарау мәдениетін нығайту қажет.
ДЕПУТАТТЫҚ ҚЫЗМЕТІМНІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ
Егер аудандық мәслихат депутаты болып сайлансам, өз өкілеттігімді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырып, «Әділет» партиясының бағдарламалық басымдықтарын жергілікті деңгейдегі нақты мәселелермен ұштастыруға күш саламын.
Менің негізгі жұмыс қағидаттарым:
Ашықтық. Тұрғындармен тұрақты байланыс орнатып, олардың пікірлері мен ұсыныстарына назар аудару.
Жауапкершілік. Көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ету және олардың қаралу барысын бақылау.
Әділдік. Әрбір азаматтың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуына мән беру.
Кәсібилік. Энергетика саласындағы тәжірибемді ауданның инфрақұрылымдық мәселелерін шешуге бағыттау.
Нәтижелілік. Ұсыныстардың нақты негізделуіне, басымдықтардың дұрыс анықталуына және қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауға көңіл бөлу.
Халыққа қызмет ету. Депутаттық қызметті жеке мүдде емес, қоғамдық мүдде мен ауданның болашағы үшін атқару.
Құрметті Байзақ ауданының тұрғындары!
Біздің ортақ мақсатымыз-тұрғындарына қолайлы жағдай жасалған, инфрақұрылымы дамыған, экономикасы нығайған және болашағына сеніммен қарайтын аудан қалыптастыру.
Электр энергиясының сенімді берілуі, сапалы жол, таза ауызсу, қауіпсіз көшелер, дамыған кәсіпкерлік, қолжетімді әлеуметтік қызметтер және халықпен ашық байланыс-біртұтас дамудың өзара байланысты бағыттары.
Мен кәсіби тәжірибемді, білімім мен күш-жігерімді Байзақ ауданының өркендеуіне жұмсауға дайынмын. Халықтың ұсыныстарын тыңдап, өзекті мәселелерді мәслихат деңгейінде көтеріп, олардың заңды шешілуіне ықпал етуді басты міндетім деп санаймын.
Менің ұстанымым — сөзден іске, уәдеден жауапкершілікке, мәселеден нақты шешімге ұмтылу.
Байзақ ауданының жарқын болашағы үшін бірге еңбек етейік!
Тапсырыс жасаған тұлға: №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Алтынбек Миятұлы Жамишжанов.
Қандай қаражат ақысынан төленген:
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.