Рыскелдіұлы Ерланның сайлауалды бағдарламасы
Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына № 9 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша «Respublika» Партиясынан Ұсынылған Кандидат Рыскелдіұлы Ерланның Сайлауалды Бағдарламасы
Мен, Рыскелдіұлы Ерлан, 1991 жылы 6 шілде күні Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Дихан ауылында дүниеге келдім.
1998-2009 жылдары Байзақ ауылы С.Абланов орта мектебінде, 2009-2013 жылдары аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі (ҚазҰУ) «Құқықтану» мамандығы бакалавриат деңгейі бойынша “Заң” факультетінде оқыдым.
2014-2017 жылдары Алматы облысы бойынша Сот сараптама институтында (ССИ) аға сарапшы қызметінде болып, 2017 жылдан бастап “Ерлан” шаруа қожалығының басшысы қызметін атқарып келемін.
2023-2028 жылдары VIII шақырылған Байзақ аудандық мәслихатының депутаты қызметін атқардым.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
Құрметті жерлестер!
Мен, Рыскелдіұлы Ерлан, «Ерлан» шаруа қожалығының басшысы ретінде туған жеріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесімді қосу мақсатында осы сайлауға түсіп отырмын.
Көп жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп келе жатқан азамат ретінде ауыл тұрғындарының күнделікті тыныс-тіршілігі мен өзекті мәселелерін жақсы білемін.
Менің басты мақсатым — заң аясында өз өкілеттігімді пайдалана отырып, халықтың талап-тілегін жергілікті атқарушы органдарға жеткізу және олардың орындалуына қоғамдық бақылау жасау.
Сайлаушылар маған сенім білдірген жағдайда, мына 4 басым бағыт бойынша жұмыс істеймін:
- Ауыл шаруашылығын қолдау және жер мәселесі
Шағын және орта шаруа қожалықтарының мүддесін қорғап, мемлекеттік бағдарламалар мен субсидиялардың әділ әрі ашық бөлінуіне ықпал етемін.
Соңғы жылдары жайылымдық жерге ерекше назар аударылып келеді. Ауыл тұрғындары үшін ең өзекті саналатын жайылымдық жерлер мен ағын су тапшылығы мәселелерін заңды жолмен шешуге бастамашы боламын.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен өңдеушілер арасындағы тиімді байланысты нығайтуға атсалысамын.
- Инфрақұрылымды жақсарту және абаттандыру
Ауылішілік жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру және тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамту жобаларының бюджетке енгізілуіне күш саламын.
Таза, көрікті ауыл әрі жайлы ауыл-тұрғындардың ортақ игілігі. “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында елдімекендердің тазалығын сақтау, жасыл желектерді көбейту, көгалдандыру және қоқыс шығару жүйесін ретке келтіру мәселелерін тұрақты бақылауда ұстаймын.
Бөлінген мемлекеттік қаражаттың мақсатты әрі сапалы игерілуін қадағалаймын.
- Жастарға қолдау және бұқаралық спортты дамыту
Ауыл жастарының кәсіпкерлікпен және ауыл шаруашылығымен айналысуына бағытталған мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген несиелер туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргіземін.
Жастардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін спорт алаңдарын салуға және бұқаралық спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға қолдау көрсетемін.
Еліміздің болашағы-жастардың қолында. Мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігі анық. Келешек ұрпақтың саналы, білімді болып өсуіне елімізде барлық жағдай жасалған.
- Әлеуметтік әділдік және халықпен ашық байланыс
Әлеуметтік осал топтарға, көпбалалы отбасылар мен қарттарға заңмен қарастырылған мемлекеттік көмектің уақытылы көрсетілуін қадағалаймын.
Тұрғындармен тұрақты түрде кездесулер өткізіп, көтерілген мәселелер мен атқарылған жұмыстар туралы ашық есеп беріп отырамын.
Құрметті сайлаушылар!
Туған жердің өркендеуі мен ауылдың ажары-оның жайлы көшелері, қауіпсіз ортасы және балалардың алаңсыз өсіп-жетілуіне жасалған жағдайға байланысты. Сондықтан сайлауалды бағдарламада білгіленген міндеттердің кезең-кезеңімен жүзеге асырылуына күш салуды көздеймін.
Алдағы өзгерістер мен жаңа мүмкіндіктерге бірге қадам басып, ортақ мақсат жолында бірлігімізді нығайта білейік. Туған жеріміздің болашағы, жарқын келешегі әрқайсымыздың азаматтық жауапкершілігімізге, ынтымағымыз бен ортақ іске деген жанашырлығымызға байланысты.
Ауылдың өркендеуі-ортақ мақсат, ал халық алдындағы жауапкершілік- абыройлы міндет.
Мен үшін депутаттық қызмет-ең алдымен ел алдындағы үлкен жауапкершілік. Әрбір тұрғынның өтініші мен ұсынысына назар аудару, халықты толғандырған мәселелерді мемлекеттік органдар алдында көтеру және олардың шешілуіне ықпал ету-басты ұстанымым.
Ауылдың дамуы-нақты істерден басталады. Біздің ортақ болашағымыз әрқайсымыздың белсенділігімізге байланысты. Егер сіздер маған сенім артсаңыздар, жинақтаған іскерлік тәжірибемді өңіріміздің өркендеуіне жұмсаймын.
Мемлекетіміздің қуатты елге айналуы жолындағы мемлекеттік бағдарламалардың сапалы жүзеге асуына өз үлесімді қосу- менің басты міндетім деп білемін. Ауылымыздың болашағы-білімді ұрпақтың, еңбекқор азаматтардың, бірлігі жарасқан қоғамның қолында.
Адал еңбек пен нақты істі қолдаңыз!
Тапсырыс жасаған тұлға: №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ерлан Рыскелдіұлы.
Қандай қаражат ақысынан төленген:
Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.