Қор нарығында доллар арзандады

0 55

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 6 ақпан кешімен салыстырғанда 0,92 тиынға төмендеп, 1 доллар 431, 92 теңге болды.

Ұлттық банктің 7 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 432, 93 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы — 432,77 теңге, сатып алу – 434,23 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 431,87 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 433, 27 теңге.