Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту

0 44

Шу аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінде көп қабылданатын өтінімдердің бірі -Пилоттық жоба негізінде ұсынылатын «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту». Еңбекші көшіп келушілердің басым көпшілігі — көршілес Өзбекстан Республикасының азаматтары. Олар түрлі жұмыстар мен құрылыс жұмыстары үшін елімізге уақытша мерзімге келуде.

«Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту» мемлекеттік қызметі электрондық кезек арқылы көрсетіледі.

Қажетті құжаттар топтамасы:

  • Жеке басты куәландыратын құжат — түпнұсқасы және анықтамалық деректері бар беттердің және Мемлекеттік шекараны кесіп өткені туралы белгісі бар беттің көшірмесі.
  • Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру туралы сауалнама-өтініш.
  • Жеке кіріс салығы бойынша бастапқы төлемді төлегені туралы түбіртек.
  • Медициналық анықтама.
  • Медициналық сақтандыру.
  • Дактилоскопиялаудан өткені және суретке түскені туралы анықтама.

Аталған құжаттардың сканерленген көшірмесі қабылданады.

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты шекарадан өту мүмкіндігінің шектелуіне сәйкес елімізде қалып қойған шетелдіктер тек мерзімін ұзартуда. Алдағы уақытта шекара ашылғаннан кейін қабылданатын өтінім саны да ұлғаюы ықтимал.

Е. КҮНШАШЕВ,

Шу аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы.

Жамбыл облысы.