Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

0 7

«Қазгидромет» 5-7 қараша күнгі ауа райына болжам жасады. Синоптиктердің болжауынша, 5-6 қарашада республиканың батысында, солтүстік-батысында қатты қар аралас жаңбыр жауады. Сондай-ақ 6 қарашада оңтүстік және орталық өңірлерде жаңбыр жауатыны болжанған, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«Жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырған антициклон Қазақстан аумағынан жылжып, оның орнын солтүстік циклонның терең ойығы басады. Алдағы үш күнде ол алдымен еліміздің батысында, кейін қалған өңірлерінде ауа райының нашарлауына себеп болады. Жаңбыр жауады, солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ құбылыстары болжанады», делінген хабарламада.

Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады.

Ауа температурасы батыста түнде 0+7°С, күндіз +3+14°С, солтүстік-батыста түнде -1-8°С, күндіз +1+15°С болады. Солтүстік және орталық өңірлерде түнгі ауа температурасы -3-8°С-тан +1+6°С-қа дейін жоғарылайды, күндіз +5+13°С-тан +1+10°С-қа дейін төмендейді. Елдің шығысында түнгі температура -3-8°С-тан 0+5°С-қа дейін жоғарылап, күндіз +3+8°С-тан +7+12°С-қа дейін көтеріледі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді.