3 қарашадағы валюта бағамы қандай?

0 8

3 қарашада Қазақстан қор биржасындағы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 453,26 теңге болды. Бір күнде америкалық валюта 0,22 теңгеге арзандады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Елордада доллар 457,01 теңгеден сатылып, 450 теңгеден сатып алынып жатыр. Еуроның сату бағамы 510 теңге болса, сатып алу бағамы – 500 теңге. Ресей рублі 5,23 теңгеден сатып алынып, 5,43 теңгеден сатылып жатыр.

Алматыдағы айырбастау орындарында доллар 454,23 теңгеден сатылып, 452,26 теңгеден сатып алынып жатыр. Еуроның сату бағамы – 509,82 теңге, ал сатып алу бағамы 505,34 теңге болды. Рубль 5,23 теңгеден сатып алынып, 5,37 теңгеден сатылып жатыр.