Наурызбаева Айна Джумагуловнаның сайлауалды бағдарламасы

0 196

Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №1 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша Өзін-Өзі Ұсынған Кандидат Наурызбаева Айна Джумагуловнаның Сайлауалды Бағдарламасы

Әр   отбасының  әл-ауқаты- ауыл болашағының негізі

Өмірбаян

Мен, Наурызбаева Айна Джумагуловна, 1976 жылы 12 тамызда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Құмжота ауылында дүниеге келдім. Білімім жоғары.

1983-1993 жылдар аралығында Құмжота ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектепті оқып бітірдім.

2005 -2008 жылдары «Тараз -Ғасыр» колледжін бітіріп, 2020-2023  жылдар аралығында ТИГУ бітіріп жоғары маман дипломын алдым.

Еңбек жолымды 2008 жылы Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінде бастадым.

Қазіргі уақытта №1 мектеп- гимназиясында программист болып жұмыс атқарамын.

Отбасылымын, екі ұл, бір қызды тәрбиелеудемін.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Құрметті Түймекент ауылының тұрғындары!

Ауылдың шынайы байлығы-оның адамдары. Әрбір баланың сапалы білім алуы, әр отбасының қолайлы жағдайда өмір сүруі, жастардың өз мүмкіндігін жүзеге асыруы және үлкендердің құрметке бөленуі — ауылдың дамуының маңызды көрсеткіші.

Менің басты мақсатым-тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал ету, балалар мен жастарға жағдай жасау, отбасылардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларды қолдау.

  1. Балаларға қолайлы орта

— Балалар ойын алаңдарын салу және қолданыстағыларын қауіпсіз ету мәселесін көтеру.

— Мектеп оқушыларына арналған шығармашылық, спорттық және танымдық үйірмелердің қолжетімділігін кеңейту.

— Балалардың мектепке қауіпсіз қатынауын қамтамасыз етуге ықпал ету.

— Балабақша мен мектептердің тұрмыстық жағдайын жақсарту мәселелерін назарда ұстау.

— Балалардың жан-жақты дамуына және бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін жағдайлардың жасалуына басымдық беру.

  1. Сапалы білім және цифрлық мүмкіндіктер

— Түймекент орта мектебін заманауи STEM кабинетімен жабдықтау жоспарының орындалуын бақылау.

— Оқушылардың компьютерлік сауаттылықты, бағдарламалау және жасанды интеллект негіздерін меңгеруіне арналған бастамаларды қолдау.

— Ауыл жастарына кәсіптік бағдар беру кездесулерін ұйымдастыруға ықпал ету.

— Жоғары оқу орындары мен колледждерге түсуге қатысты ақпараттық кездесулер өткізуге қолдау көрсету.

— Білім беру саласындағы жаңа технологияларды ауыл мектептерінде тиімді қолдануға бағытталған ұсыныстарды қолдау.

  1. Әйелдер және отбасы әл-ауқаты

— Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру.

—  Үй жағдайында шағын кәсіп жүргізуге ниетті тұрғындарды қолдау.

—  Көпбалалы және әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасылардың өтініштерін тиісті органдарға жеткізу.

— Отбасылық құндылықтарды нығайтатын қоғамдық іс-шараларға қолдау көрсету.

— Әйелдердің қоғам өміріне белсенді араласуына және әлеуметтік мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасауға ықпал ету.

  1. Денсаулық және әлеуметтік қамқорлық

— Балалар мен қарттарға медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты мәселелерді көтеру.

— Профилактикалық медициналық тексерулердің қолжетімділігін арттыруға ықпал ету.

— Мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға қоғамдық орындардың қолжетімді болуын қолдау.

— Жалғызбасты қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету мәселелерін назарда ұстау.

— Әлеуметтік осал топтағы азаматтардың қажеттіліктерін анықтап, оларға көрсетілетін көмектің тиімділігін арттыруға атсалысу.

  1. Жастарға мүмкіндік

— Жастарға арналған спорттық және мәдени іс-шараларды қолдау.

— Жұмыспен қамту және кәсіптік оқыту бағдарламалары жөнінде кеңес беруге ықпал ету.

— Жастардың қоғамдық бастамаларға қатысуына жағдай жасау.

— Жас кәсіпкерлер мен білімді жастардың жобаларын таныстыруға арналған кездесулерді қолдау.

  1. Мәдениет пен рухани тәрбие

— Ауылдағы мәдениет үйінің жұмысын жандандыруға ықпал ету.

— Ұлттық өнер, қолөнер және шығармашылық үйірмелерін дамытуға қолдау көрсету.

—  Жастар мен аға буын арасындағы байланысты нығайтатын мәдени кездесулер ұйымдастыру.

— Ауылдың тарихи және мәдени құндылықтарын сақтауға бағытталған бастамаларды қолдау.

  1. Тұрғындардың ұсынысына ашық болу

— Ауыл тұрғындарының өтініштерін жүйелі қабылдау.

— Әйелдер, жастар және әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтардың мәселелеріне тұрақты назар аудару.

— Қоғамдық бастамаларды жергілікті атқарушы органдарға жеткізу.

— Атқарылған жұмыстар туралы тұрғындарға ашық ақпарат беру.

Менің ұстанымым

Ауылдың болашағы балалардың білімінен, жастардың талабынан, отбасылардың берекесінен және үлкендерге деген құрметтен басталады.

Түймекент — әр ұрпақ үшін қолайлы, білімді әрі берекелі ауыл болуға лайық!

Тапсырыс жасаған тұлға: №1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Айна Джумагуловна  Наурызбаева.

Қандай қаражат ақысынан төленген:

Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.