Мустафаев Коктембай Абубакировичтың сайлауалды бағдарламасы

0 195

Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №8 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша Өзін-Өзі Ұсынған Кандидат Мустафаев Коктембай Абубакировичтың Сайлауалды Бағдарламасы

 ӨМІРБАЯН

Мен, Мустафаев Коктембай Абубакирович, 1965 жылы 11 мамырда Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Кеңес ауылында дүниеге келдім.

1972-1982 жылдары Кеңес орта мектебінде білім алып, мектепті аяқтадым. 1982 жылы Қаратау қаласындағы тау-кен құрылыс техникумының құрылыс факультетіне оқуға түстім.

 1983-1985 жылдары Литва Республикасында әскери борышымды өтедім. 1987 жылы аталған техникумды техник-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдадым.

Еңбек жолымды 1987 жылы Сарыкемер ауылында орналасқан РСУ мекемесінде құрылысшы-мастер қызметінен бастадым. 1987-1990 жылдар аралығында осы мекемеде еңбек етіп, құрылыс саласында тәжірибе жинақтадым.

1998-2000 жылдары «Ақтан» ұжымында қойма меңгерушісі қызметін атқардым. 2010-2013 жылдары Тараз қаласында әскери теміржол күзеті саласында жұмыс істедім. 2015-2017 жылдары «Тиберда» ЖШС-де мастер болып қызмет атқардым.

2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Байзақ ауданы білім бөлімінің №1 мектеп-гимназиясында директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін.

Осы жылдар ішінде білім беру мекемесінің материалдық-техникалық базасын күтіп ұстау, шаруашылық жұмыстарын ұйымдастыру және мекеме жұмысының үздіксіз жүруіне үлес қосу бағытында еңбек етіп келемін. Жинақтаған еңбек тәжірибем жауапкершілікпен жұмыс істеуге, алға қойылған міндеттерді жүйелі орындауға және ұжыммен бірлесе әрекет етуге үйретті.

Отбасылымын, төрт бала тәрбиелеп отырмын.

Отбасы құндылықтарын, адал еңбек пен жауапкершілікті өмірлік ұстанымым деп білемін. Туған жерімнің өркендеуіне үлес қосу, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бастамаларды қолдау-азаматтық міндетім деп санаймын.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА

Мен өз сайлауалды бағдарламамда ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға және халықтың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған төмендегі басым бағыттарды негізгі міндеттерім деп санаймын.

  1. Халықтың күнкөріс табысының өсуіне ықпал ету.

Тұрғындардың әл-ауқатын арттыру-елдімекеннің тұрақты дамуының басты көрсеткіштерінің бірі. Осы бағытта халықтың табысын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған бастамаларды қолдауға күш саламын. Әсіресе, әлеуметтік жағынан осал топтардың, көпбалалы отбасылардың және тұрақты табыс көзі жоқ азаматтардың мәселелеріне назар аударуды маңызды деп есептеймін. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асуына ықпал етіп, халықтың ұсыныс-пікірлерін тиісті мекемелерге жеткізуге атсалысамын.

  1. Ауылдың өндірістік, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту.

Ауылдың көркейіп, тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптасуы үшін инфрақұрылымның сапалы дамуы аса маңызды. Осыған байланысты ауылішілік жолдардың жағдайын жақсарту, көшелерді жарықтандыру, ауыз су жүйесін жетілдіру, электр желілерінің тұрақты жұмыс істеуі және елдімекендердің санитарлық тазалығын сақтау мәселелерін назарда ұстаймын. Сонымен қатар әлеуметтік нысандардың, білім беру, мәдениет және спорт мекемелерінің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстардың жүргізілуіне қолдау білдіремін. Ауыл тұрғындарының күнделікті тұрмысында кездесетін өзекті мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етуді басты міндеттердің бірі санаймын.

  1. Ауыл жастарына қолдау көрсету.

Жастар-ауылдың болашағы мен дамуының негізгі қозғаушы күші. Сондықтан олардың сапалы білім алуына, кәсіби мамандық меңгеруіне, еңбекке араласуына және шығармашылық қабілеттерін дамытуына мүмкіндік жасау маңызды. Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысуына жағдай жасау бағытындағы бастамаларды қолдаймын. Сонымен қатар жас мамандардың ауылда тұрақтап, еңбек етуіне қолайлы орта қалыптастыру мәселелеріне назар аударып, олардың ұсыныстары мен бастамаларына қолдау көрсетуге күш саламын.

  1. Аудан аумағында мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау.

Мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың басты мақсаты-халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және елдімекендердің дамуына жағдай жасау. Осы ретте аудан аумағында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын назарда ұстаймын. Бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуы, жоспарланған жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуы мәселелеріне баса мән беремін. Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді тиісті мемлекеттік органдарға жеткізіп, олардың шешілу барысын бақылауға атсалысамын. Халық пен жергілікті атқарушы органдар арасындағы байланысты нығайтуға ерекше көңіл бөлемін.

  1. Шағын және орта бизнестің дамуына үлес қосу.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауыл экономикасын нығайтуға және жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етемін. Кәсіп бастауға ниетті азаматтардың мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы ақпарат алуына, кәсіпкерлердің ұсыныстары мен мәселелерінің тиісті органдарға жеткізілуіне қолдау көрсетемін.

Мен үшін ең басты міндет — халықтың сенімін ақтау, тұрғындардың талап-тілегіне құлақ асу және ауылдың дамуына бағытталған жұмыстарға белсенді араласу. Әрбір көтерілген мәселенің назардан тыс қалмауына, тұрғындармен тұрақты байланыс орнатуға және ортақ мүдде жолында бірлесе жұмыс істеуге басымдық беремін. Елдің өркендеуі мен ауылдың ажарлануы-баршамызға ортақ міндет. Сондықтан туған жерімнің дамуына, тұрғындардың тұрмыс сапасының жақсаруына бағытталған жұмыстарға жауапкершілікпен үлес қосуға дайынмын.

Тапсырыс жасаған тұлға: №8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Коктембай Абубакирович Мустафаев.

Қандай қаражат ақысынан төленген:

Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.