НАТО сыртқы істер ведомствосының басшылары Чехияда кездеседі

0 118

30-31 мамыр күндері НАТО сыртқы істер ведомстволары басшыларының кезектен тыс мәжілісі өтеді. Бұл туралы ресейлік ТАСС агенттігінен мәлім болды.

«НАТО сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі Бас хатшы Йенс Столтенбергтің басшылығымен 30-31 мамыр күндері Чехияда өтеді», — делінген баспасөз-баянында.

Альянс өкілдері күн тәртібіне енгізіліп отырған мәселелер туралы нақтыламады.