ҮЛГІЛІ ШАҢЫРАҚ-ҰЛТ КЕЛЕШЕГІ

0 12

Өткен аптада аудан әкімі Қанатбек Мәдібек «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттады. Жалпы, конкурс 2014 жылдан бері еліміз бойынша тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Байқаудың мақсаты-отбасының қоғамдағы мәртебесін көтеру, сондай-ақ балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, саналы ұрпақ қалыптастыруға үлес қосқан отбасыларын анықтау.

Байқау қорытындысы бойынша отбасына жүктелген жауапкершілікті сезініп, бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп келе жатқан Тоқсанбаевтар және жас отбасы Тұрсынбай отбасы үздік деп танылды.

Ұлттық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз алған Қанатбек Қайшыбекұлы: — «Мерейлі отбасы» байқауының барлық қатысушыларына ризашылығым шексіз. Өздеріңізді жаңаша қырларыңыздан таныттыңыздар. Тату-тәтті, үлгілі шаңырақтың негізін қалай беріңіздер,-деп ұлттық тәрбиені қалыптастыруда үлес қосып жүрген отбасыларына алғысын білдірді.

Aulieatanews, Талас ауданы.