Халық игілігіне қызмет көрсетуде
2016 жылы елімізде мемлекеттік қызметтердің бірыңғай провайдері ретінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының барлық органдары құрылды. Бүгінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміндегі 698 қызметтің 674 түрі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүргізіледі.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамның Жамбыл облысы бойынша филиалының Байзақ аудандық Халыққа қызмет көрсету бөлімінде 2021 жылы 23454 өтініш қабылданып, 27518 құжат берілді. Электронды түрде қызмет алуды насихаттау жұмыстары жүргізіліп, түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 18 421 қызмет көрсетілген.
2020 жылдың қазан айынан бастап QR төлем іске қосылды. Бұл дегеніміз Халық банк, Сбербанк, АТФ банктерінің карталары, Kaspi.kz және Актив абонентін қолданушылар құжат өткізу барысында QR төлеммен төлем жасай алады. Сондай-ақ осы жылы Egov mobail қызметі қолданысқа енді. Тұтынушылар Egov mobail арқылы ұялы телефондарын тіркеп, қажетті анықтамаларына қол жеткізе алады. 2021 жылы бірқатар мемлекеттік қызметтер түрлері оңтайландырылып халық назарына ұсынылған.
С. ЕРМЕКОВА,
ХҚК бойынша Байзақ аудандық бөлім басшысы.
Жамбыл облысы.