Электронды үкімет қызметі

0 47

Елімізде мемлекеттік  қызмет көрсету сапасы — қазіргі заманғы мемлекеттік әлуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі. Біз жеңіл жəне ыңғайлы тəсілмен, қазіргі заманғы технологияларды белсенді қолдана отырып қарым-қатынас жасайтын ақпараттық дəуірге əлдеқашан жеттік. Электронды үкіметтің іс-əрекетінің қызмет ету тетігі ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға негізделген жəне азаматтар мен ұйымдарға барынша қызмет көрсетуге бағытталған.

Біздің Шу аудандық ХҚКО бөлімі тарапынан ауданымызға қарасты 19 ауылдық округтің әкімшілігі, мектептері мен кітапханаларында «Өзіне-өзі қызмет көрсету» — «Сервистік әкімдік» секторлары ашылып, оған жауапты мамандар бекітілген. Жауаптты мамандарды Халыққа қызмет көрсету бөлімінің мамандарымен іс-шаралар кестесіне сәйкес тәжірибе алмасу жұмыстары жүргізілді.

Электронды үкімет порталы арқылы үйден шықпай-ақ ЭЦҚ-алуға болады. Барлық электронды қызмет түрлерін көрсететін бірыңғай орталық — Электронды үкімет порталы www.egov.kz арқылы, сондай-ақ Telegram бот, Еgov mobile қосымшасын жүктеу арқылы анықтамалар алуға болады.

Тиісті ақпарат алу барысында түсінбейтін жағдайлар кезіккен жағдайда қажетті кеңестерді Бірыңғай байланыс орталығына (1414) немесе егов-веб порталы арқылы виртуалды ассистентке қоңырау шалу арқылы, онлайн түрде ала аласыз.

А. ТУРТЕЕВА,

ХҚК бойынша Шу аудандық бөлімінің  маманы .

Жамбыл облысы.