Ер қаруы — бес қару

0 117

Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында жатыр.  Бүгін 20 наурыз — ұлттық спорт күніне орай, Тараз қаласындағы Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде  «Ер қаруы — бес қару» атты ұлттық ойындар фестивалі өтті, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

Ойынның мақсаты — қазақ халқының, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып сақталып келе жатқан ойын түрлерін естен шығармау, насихаттау, дәріптеу және жастарды саламатты өмір салтына дағдыландырып, спортқа икемі бар жеткіншектерді жігерлендіру. Сайысқа бас-аяғы 6 топ қатысты, тиісінше 6 кезеңнен тұратын тапсырмаларды орындауға тырысты. Қатысушылар садақ ату, асық ату, арқан тарту, гір тасын көтеру, ләңгі тебу, қол күрес сынды спорт түрлерінен сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады. Ойын соңында сайыс жеңімпаздарына ұйымдастырушылар тарапынан Алғысхаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.