ҚАРИЯЛАР — ЕЛІМНІҢ ҚАЗЫНАСЫ

0 41

Мектеп   тәлімгері Күзенбаева Жанардың  үйлестіруі-мен  құрылған  «Еріктілер» тобы «Халықаралық қарттар  күніне» орай  № 3 Арнаулы  әлеуметтік  қызметтер ұсыну орталығында «Қарттарым, аман — сау жүрші …» атты мерекелік іс — шараны жоғары деңгейде ұйымдастырды.

Ізгілік  үйіндегі  қызмет алушы  қарияларға  жылы лебізін, ақ тілегін арнаған осы жолдардың авторының құттықтау сөзінен соң, 7«А» сынып оқушысы Ж.Құрманәлі «Қазақ елі» әнін әуелете орындаса, 8 «Ә» сынып оқушысы А.Нұржан «Мерекем» әнін шырқап, кеш шырайын аша түсті. Бишілер тобы «Қазақ биін» тарту етсе, 7«А» сынып оқушысы Ж.Құрманәлі «Әке — Ана», 7«Ә»сынып оқушысы Ринат Русланұлы «Әке туралы» әнін   орындап, қызмет алушылардың алғысына бөленді. Бишілер тобының орындауындағы орыс халқының ұлттық «Калинка» биіне қызмет алушылар қосыла биледі.

9 «А» сынып оқушысы Н.Нұржанның орындауындағы Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйін қариялар тебірене отырып тыңдаса, музыка пәнінің  мұғалімі Л.Ахметова  орындаған аналар туралы попурийді жылы қабылдады.

Мектеп психологі А. Шарипова  психологиялық тренингтер жүргізді. «Менің қасиетім», «Қошемет», «Тілек ағашына» қызығушылықпен қатысып, арман — тілектерін стикерге жазып,  іліп жатты .

Іс — шараға белсене қатысқан қызмет алушылар  арнайы сый — құрметке ие болды. Ата — аналар кеңесінің мүшесі Ә.Шүленбаев түйін сөз алып, қызмет алушыларды мерейлі күнімен құттықтады.

      

Сәуле Түменбаева, Талас ауданы.