Алматыда бір тәулікте қалыңдығы 15 см қар түсті

0 44

Алматыда бір түн ішінде 520 м3 қар сыртқа шығарылды, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

Алматыда 14 наурыз күні сағат 15:30-дан 15 наурыз таңғы сағат 05:00-ке дейін қалыңдығы 15 см қар жауды. Алматы әкімдігінің мәліметінше, түнгі уақытта 367 бірлік техника және 171 жұмысшы қар тазалауға жұмылдырылды.

«148 құм таратқыш арқылы көктайғаққа қарсы материалдар себілді. Сағат 07:00-дегі жағдай бойынша 1193 тоннасы қолданылды. Сағат 20:30-дан 06:00-ге дейін жол патрульдік полиция көлігінің еріп жүруімен 16 колонна техника жоллды қардан тазалады. Сағат 07:00-дегі жағдай бойынша 520 м3, ал қыс бойы 367,8 мың м3 қар сыртқа шығарылды. Таңғы қарбалас уақыттан кейін қар шығару жұмыстары жалғасады», — деп хабарлады әкімдіктен.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта шағын көлемді 160 тротуар техникасы тротуарлар мен жалпы аймақтарды тазартып жатыр. Әлеуметтік маңызды нысандарға кіреберістер, қоғамдық көлік аялдамалары және жер үсті жаяу жүргіншілер өткелдері күреліп жатыр.

Сағат 08.00-ден бастап 394 арнайы техника, оның ішінде 145 құм таратқыш, 169 тротуардағы қарды күрейтін техника мен 602 жұмысшыны жұмылдыру жоспарланды.

Қазгидрометтің болжамынша бүгін күндіз ауа температурасы 0-… +2 градус аралығында, жауын-шашын болмайды деп күтіледі.

Еске салайық, Алматыда кеше түстен кейін ауа райы күрт нашарлап, боран соғып, қар жауа бастады. Соның салдарынан Алматыда 10 балдық көлік кептелісі пайда болған еді.

Сондай-ақ Алматы әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматыдан Шымкентке, Астанаға, Ақтауға, Атырауға, Қарағандыға, Үрімшіге, Бейжіңге, Делиге ұшатын рейстер кешіккен еді.