15 наурызға арналған валюта бағамы

0 75

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448– 452 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 15 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 449,16 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,91 теңге болды.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448 — 452 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 448,9 — 451,1 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 4,75 – 4,9 аралығында саудаланып жатыр.