Данил Васильев FIS кубогының жеңімпазы атанды

0 73

Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден өтіп жатқан FIS кубогында қазақстандық спортшы Данил Васильев жеңіс тұғырынан көрінді, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

Туризм және Спорт министрлігінің хабарлауынша, бұл – шаңғымен тұғырдан секіру спорты бойынша Қазақстан тарихындағы алғашқы жеңіс.

Сонымен қатар осы жарыста бақ сынаған Канвон-2024 қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерн 15-орынға табан тіреді.

FIS кубогы

1-орын – Қазақстан — Данил Васильев — 249.4 ұпай

2-орын – Германия — Мартин Хамам — 247.5 ұпай

3-орын – Австрия — Ульрих Волгенант — 246.5 ұпай

Аталған додаға 13 елден 78 спортшы қатысып жатыр. Жарыс бүгін аяқталады.