Жасөспірімдер аудан намысын қорғайды

0 41

№31 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жыл­дық мерейтойына орай 2005-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен аудандық іріктеу жарысы өтті.  Жарысқа аудан бойынша елуге жуық балғын спортшылар 7 салмақ бойынша бақ сынады.

Карантиндік талаптарға сай, тартысты өткен бәсеке қорытындысы бойынша 55 келіде Ж.Бескемпір, 72 келіде А.Сары, 81 келіде Д.Сұлтан сондай-ақ, Ақкөл ауылдық округінен Ж.Бақытұлы (46 келі), Е.Дүйсенәлі (57 келі), Е.Тұрған (64 келі), Е.Ермек (+81 келі) жарыс жеңімпазы атанып, облыстық кезеңге берілетін жолдаманы иеленді.

Жас боз кілем шеберлерінің талаптарын ұштап, тұ­ғыр биігінен көрінуіне тер төккен С.Отыншиев, Д.Қалаубеков, Н.Әйтенов сын­ды жат­тық­тырушылардың ең­бектерін айта кетуіміз керек.

Қарсыластарынан басым түскен жас балуандар алдағы уақытта Қордай ауданында өтетін облыстық іріктеуде аймақ намысын қорғай­тын болады. Жерлестерімізге сәт­тілік серік болсын!

Aulieatanews, Талас ауданы.