Құжаттарды цифрландыру

0 54

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын іске асырудамыз. Осы бағытта көптеген іс атқарылды. Басты құрал – азаматтардың өтініштерімен жұмысты қайта іске қосу», деп айқын көрсеткен болатын. Соның арқасында бүгінгі күні барлық мемлекеттік мекемелер цифрландыруға өтіп, халыққа кері байланыс беріп, ашықтық ұстанымын ұстануда.

Көп  жағдайда ата-аналар өздерінің электронды үкімет порталындағы жеке кабинеттерінде 2007 жылға дейінгі туылған балаларының көрінбей тұрғанын, көбінесе тұрғылықты жері бойынша тіркеуге қоятын және оқуға түсіретін кезде басқа ақпараттық базаларда шықпай тұрғанын айтып шағымданады. Осы тұрғыда eGov порталының сервис бөлігінде АХАЖ АЖ мәліметтерін өзектендіру сервисі қызмет көрсетеді. Яғни Сіздің азаматтық хал актілері бойынша кейбір құжаттарыңыз электрондық үкімет порталынан немесе басқа ақпараттық базадан шықпай жатса, онда аталған қызметке жүгінуге болады. Бір жұмыс күні ішінде тиісті АХАЖ орналасқан аймақ бойынша Сіздің құжатыңыз цифрландырылады.

Қызметті онлайн алудың жолы:

Порталда авторизациядан өтіп «Онлайн сұратым» батырмасын басыңыз.

Барлық міндетті өрістерді толтырып, файлдарды бекітіңіз.

Өтінімді толтырып, оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) немесе смс-паролінің көмегімен қол қойыңыз (міндетті түрде мобильдік азаматтар базасында тіркеу бар болу қажет).

Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.

Осындай қарапайым жұмыстар атқару арқылы тиісті құжатыңызды цифрлап алу мүмкіндігі бар.

 

Е. ЖАПАРОВ,

Халыққа қызмет көрсету бойынша Тараз қалалық №2 бөлімінің басшысы.

Жамбыл облысы.