Жамбылда жұқтырудың жаңа жағдайы тіркелді
Кеше Жамбыл облысында COVID-2019 инфекциясын жұқтырған тағы бір адам анықталды, – деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Науқас — 1983 жылы туған Байзақ ауданының тұрғыны. Ол 15 сәуір күні дене қызуы көтеріліп, әлсіздік пен бас ауруына шағымданып орталық аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне келіп түскен. Алынған зертханалық талдау нәтижелері COVID-2019 диагнозын растады.
Науқас инфекциялық стационарға ауыстырылды. Қазіргі кезде онымен байланыста болған 17 адамның қатерлі инфекцияны жұқтырған-жұқтырмағанын анықтау, карантиндік стационарға жеткізу жұмыстары жүргізілуде.
Осылайша облыста COVID-2019 инфекциясын жұқтырғандар саны 53 адамға жетіп отыр.