COVID-2019 инфекциясының үш жаңа оқиғасы тіркелді

0 23

14 сәуір күні Жамбыл облысында коронавирус ауруының үш жаңа оқиғасы анықталды, – деп хабарлайды “Aulieatanews” Ақпараттық агенттігі.

Олардың үшеуі де бұған дейін  науқастармен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарға алынғандар.

Науқастардың бірі – 1965 жылы туған Қордай ауданының тұрғыны. Ол 10 сәуір күні карантинге орналастырылған. Алынған зертханалық талдаулар қорытындысы COVID-2019 инфекциясын растады. Сондай-ақ, карантиндік стационарда жатқан Жамбыл ауданының 1999 және 1970 жылы туған екі тұрғынының да талдаулары оң нәтиже көрсетті. Инфекция анықталғаннан кейін науқастар ем алу үшін инфекциялық стационарға жеткізілді.

Олармен байқаныста болған тұлғаларды және  жұқтыру қаупі бойынша мәртебесін анықтау жұмыстары жүргізілуде. Ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар атқарылды.

Жалпы облыс бойынша 49 коронавирус оқиғасы тіркеліп отыр. Оның 6-уы Дели рейсіндегі жолаушылардан анықталған. Сондай-ақ, Тараз қаласында 6 оқиға, Қордай ауданында – 30, Жамбыл ауданында – 3, Меркі ауданында – 2, Шу және Мойынқұм аудандарында бір-біреуден тіркелген.