Жамбыл облысында жоғалып кеткен азамат дронның көмегімен табылды

0 116

Жамбыл облысында жоғалған азамат ТЖМ  ұшқышсыз ұшу аппаратының көмегімен табылды деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

ТЖМ қызметкерлері полиция және жергілікті тұрғындармен бірлесіп 4 күн бұрын үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған 1953 жылы туған азаматты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Іздестіру барысында ТЖД күштері мен құралдары, оның ішінде кинологиялық есептоп, жүзу құралы және ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Үйлесімді жұмыстың және заманауи технологияларды қолданудың нәтижесінде азамат ашық аумақта дронның көмегімен табылды. Азамат медициналық көмекке мұқтаж болмады.