«ӨЗГЕ ТІЛДІҢ БӘРІН БІЛ…»

0 14

Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге сіңіп, қалыптасады. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам өзінің ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қарсы тұруы тиіс.

Ана тілі ең басты байлығымыз. «Мен қазақпын» — деген әр адам қазақ тілін білуі керек, әрбір құрметті азамат тілімізді қадыр тұтуы тиіс деп ойлаймын. Ал, ұлттың болашағы – оның ана тілінде. Тіл халықпен бірге өмір сүріп, дамиды.

Әр ұлттың өз тілі – бақыты мен тірегі. Әрине көп тіл білу, көп құлыптың кілтін тапқанмен бірдей. Өзге тілді де үйренсек,   көкжиегіміз кеңейеді. Алдымен жақсылықты өзіңе жаса, қала берді досыңа жаса – деген халық даналығы бар. Ана тілімізде сауатты сөйлеп, өзге тілде де сайрап тұрсақ, болашақта үлкен істер атқаруға, туған халыққа қызмет етуге мүмкіндік зор. Туған тіліміздің мол нәрін, сөздік қорын сауатты пайдаланып, өзге тілді өз қажетімізге жарата аламыз деп сенемін. Тәуелсіз Қазақ елінің, жалынды жастарының өресі де, өрісі де кең болсын!

Елбасы бір сөзінде: «Ел мен үшін не істей алады?» деп сұрамаңыз, «Ел үшін өзім не істей аламын?» — деп сұраңыз деген еді. Ендеше, әр қазақстандық, алдымен өзіміз, қазақ жастары осы сұрақты өзімізге қойып, жауабын тауып, тегіс қазақ тілінде сөйлеуіміз қажет.

 

 Ғазиз Асемов,

Талас ауданы әкімдігі

экономика және бюджеттік жоспарлау

бөлімінің басшысы.