ОТБАСЫЛЫҚ СОТ- ТАТУЛАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

0 43

Қазақстан Республикасы Жоғар­ғы сотымен жергілікті соттардың тәжирбесіне  «Отбасылық сот» пилоттық жоба еңгізілген.

Оған еліміздегі неке бұзулардың саны көбеюі, отбасы құндылығының төмендеуі негіз болған. Пилоттық жобаның  мақсаты  — отбасылық дауларды азайту және отбасын сақтап қалу, оның мүшелерінің құқықтарын қорғау, кәмелетке толмаған балалардың толық отбасында тәрбиелену болып табылады.

Қазіргі таңда бұл пилоттық жобаға арнайы тағайындалған татуластырушы-судьялар, сотқа арызданған тараптар қатысуда. Жоба аясында некесін бұзуға бел бұған отбасыларымен аудан әкімшілігінде құрылған арнайы топ жұмыс жасайды. Бұл топқа мамандар (психолог, әлеуметтік мәселелермен айналысатын мемлекеттік мекемелердің өкілдері және т.б.) кіреді. Сонымен қатар, ауданымызда «Аналар алқасы», «Билер кеңесі» институттары құрылып, өз жұмыстарын жүргізуде.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік Кодексіне  еңгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, судья отбасылық қарым қатынастардан туындайтын даулар бойынша талап қою арыздарды өндірісіне қабылдамастан, 10 жұмыс күн ішінде тараптармен жұмыс жасап, іс бойынша түпкілікті процессуальдық шешім қабылдағанша, татуластыру рәсімдерін жүргізеді.

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-ІV «Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 20-бабына сәйкес, ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған кезде сот ерлі-зайыптыларды татуластыруға шаралар қолдануға және ерлі-зайыптыларға татуласу үшін алты ай шегінде мерзім тағайындай отырып, істі қарауды кейінге қалдыруға құқылы.

Егер ерлі-зайыптыларды татуластыру жөніндегі шаралар нәтижесіз болса және ерлі-зайыптылар (олардың біреуі) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды талап етсе, неке (ерлі-зайыптылық) бұзылады.

Аталған мерзім ішінде татуластырушы-судья тарапта­рмен отбасын сақтап қалу мақсатында кешенді жұмыстар жүргізеді. Кейде тараптар осы мерзімнің соңында татуласып жатады.

Бір байқағаным, ерлі-зайып­тылар, отбасында туындаған мәселелерді бетпе бет отырып, ұрыс-керіссіз талқылауға дайын емес.  Сондай-ақ, әр тарап өзінің қарсы тарапқа қояр талабын алға тартады. Ал, осы отбасындағы кәмелетке толмаған балалардың мүдделері олардың назарынан тыс қалады.

Осындай жағдайда, судья заңгер ретінде, бейтарап тұлға ретінде екі тараппен әңгімелесіп, олардың уәждерін тыңдап, оларға өзінің пікірін еркін  білдіруге мүмкіндік береді.  Әрине, судьяның бұндай-жұмысқа уақыты да моральдық ресурстарды көп жұмсалады. Бірақ кей жағдайларда ол өзінің оң нәтижесін береді. Ажырасып жатқан он отбасының ішінен бір отбасын сақтап қалсақ та, жақсы нәтиже деп ойлаймен, Себебі, бір отбасында орта есеппен үш кәмелетке толмаған балалар болса, біз олардың да тағдырына бей-жай қарамауымыз қажет.

Л.Дүкенбаева,

Талас аудандық сотының судьясы.