Эхинококкоз ауруы

0 41

Эхинококкоз — адам мен жануарларға ортақ ауру. Пара­зит жануарлардың ішегінде бірнеше даму сатысы­нан өтіп, содан соң, жануарлардың нәжісімен жерге түседі. Жерге түскен жұмыртқалар онкосфералар деп аталады.

Балалар, көбінесе, үй жануарларымен қарым-қатынас кезінде, жануарлардың жүні, шаң-тозаң, су және т.б. арқылы жұқтырады. Егер, паразит тамақпен бірге ағзаға  түссе, бауыр эхиноккозы, егер ауа арқылы тараса, өкпенің эхинококк өсіндісі дамиды. Эхинококк  өсіндісі – бұл паразиттің дамуындағы соңғы кезең болып табылады. Эхинококктың дернәсілі адамның, сүтқоректілердің ит, мысық, үй қояны, тышқандар әртүрлі ішкі органдарында паразиттік тіршілік етеді.

Адам ішегіне түскен эхинококк жұмыртқасы қан тамырына өтіп, одан қан арқылы бауырды ,өкпені,ішкі органдарды зақымдайды. Осы жануардың жұмыртқалары немесе оның мүшелері нәжіспен бөлініп, сол ауру жұқтырған ит жүнін, суды, топырақты, шөпті және жұғысқан бөлмені, ыдыстарды ластайды.

Адам эхинококкозбен ауырғанда әртүрлі белгілер байқалады. Мысалы, бауырды зақымдаса, адамның оң жақ бүйірі ауырып, әлсіздік, эхинококк өкпеге түссе, адам ентігіп, жөтеледі, түкірігінде қан пайда болады. Адамдар эхинококкозы – ауыр, созылмалы мүгедектікке дейін әкелетін, ал асқынған кезде өліммен аяқталатын құрт ауруы. Бұл ауру барлық елде кездеседі. Эхинококкоз қоздырғыштары адамның кез- келген мүшесін зақымдауы мүмкін, әсіресе бауыр мен өкпе зардап шегеді, сөйтіп эхинококкоз ауруы пайда болады.

Ауру клиникалық, ренгенологиялық және зертханалық жолмен анықталады.

Г.Байгел,

Талас аудандық  СЭББ жетекші маманы.