Қызғалдақтай қыз өсірген халықпыз

0 21

«Жастар ресурстық орталы­ғының ұйымдастыруымен балалар өнер мектебінде «Мен қазақтың қызымын» атты аудандық байқау өтті.

Байқауға қатысқан 11 ару тотыдай құлпырып, үкілі үмітін арқалап келіп бақ сынады.

Халқымыз қашанда ұлын нар­ға, қызын арға балап, олардың болашағынан мол үміт күткен. Олардың тәрбиесіне зор мән бе­ріп, ұлт мақтанышы болуына ба­­рын­­ша атсалысқан. Дала пе­да­­гоги­­ка­сының мәні әлі де жойылған жоқ.

Ұрпақ тәрбиесі – қазақ халқы үшін қастерлі міндет, қыз бала тәрбиесіне көңіл бөлу өз маңызын жойған жоқ.

Міне, сол тәрбиенің уызына тойған аяулы арулар көпшілік ал­дында «Сымбаты мен сыры жарас­қан», «Қыз өссе, елдің көр­кі», «Салт- дәртүрді білесіз бе?» және «Анадан тәлім алған қыз» сайыстары бойынша өздері­нің білім­дері мен өнерлерін ортаға салды.

Жеңіске деген құштарлық сайысқа қатысушы сұлуларды жігерлендіріп, алға жетеледі. «Көргенді қыз – ибалы, тәрбиені жиғаны», — демекші, байқауға қатысып жатқан сұлулардың көз сүйсіндірер ұлттық киімдері мен анадан алған тәрбиесі, нұр шашқан жүздері көрермендердің бойына мақтаныш, ризашылық сезімін құйғаны анық.

Жалпы қорытынды бойынша, әділ қазылар шешімімен бас жүлдеге Қызыләуіт ауылындағы М.Қыстаубайұлы атындағы мектептің оқушысы Аяулым Мұхамедқали лайық деп таныл­са, 1 – орынды балалар өнер мектебінің қызметкері Бота Тұрар ием­денді. Ал, 2 – ші және 3 – орындарды №1 мектеп – лицей­ден келген Жарқынай Джумабекова мен Қаратау тау – кен техноло­гия­лық колледжінің білімгері Динара Төлеубекқызы өзара бөлісті.

 

Назерке Кеңес,

Талас ауданы.