Таразда Наурыз мерекесін тойлауға байланысты бірнеше көше жабылады

0 14

2024 жылдың 17-21 наурыз аралығында «Наурыз» мейрамына орай Төле би даңғылының бойында киіз үйлер орнатылады, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

Осыған орай, Төле би даңғылында көлік қозғалысы уақытша тоқтатылатын болады.

17 наурыз, таңғы сағат 08:00-ден – 20 наурыз, 8:00-ге дейін Абай көшесі мен Әйтиев көшесі аралығында жол жабылады.

20 наурыз, 08:00-ден 21 наурыз, 00:00-ге дейін Абай көшесі мен Желтоқсан көшесі аралығында жол жабылады.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! — деді қала әкімдігі.