Қазақстандықтар енді YouTube Premium-ге жазыла алады

0 10

Қазақстандықтар енді YouTube Premium-ге жазыла алады, – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі.

Premium YouTube-парақшасының иелері видеоларды жарнамасыз және фон режимінде көре алады, интернетке қосылмай көру үшін бейнелерді сақтай алады және басқа да бірқатар мүмкіндіктерге ие болады.

Қазақстандықтарға YouTube Premium-ге жазылудың бірнеше нұсқасы ұсынылды: жеке, отбасы және студенттерге.

iPhone-нан қараған кезде жеке жазылым айына 3500 теңге болса, компьютерден айына 2700 теңгені көрсетеді.

БАҚ мәліметінше, бірқатар елдерде жеке жазылымның бағасы айына $11,99 (шамамен 5400 теңге) болады.