Қазақстанда қашан күн жылынады

0 85

«Қазгидромет» РМК мамандары елімізде алдағы үш күн – 2024 жылдың 14-16 наурыз аралығындағы ауа райы туралы айтып берді – деп хабарлайды “Aulieatanews” ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың болжамы бойынша, Қазақстанның барлық аумағында біртіндеп жылыну күтілуде.

«16 наурызда күндіз еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі: Қазақстанның оңтүстік жартысында – +5+13°С дейін, солтүстік жартысында – 0+5° дейін. С.»

Бұл ретте синоптиктер алдағы тәуліктерде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республикада тұрақсыз ауа райы сақталатынын атап өтті:

14 наурызда Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында, 15 наурызда Жетісу облысында жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде қатты (жаңбыр, қар),

15 наурызға қараған түні Алматы облысында қалың қар жауады деп болжануда.

«Республиканың барлық аумағында жел күшейеді, тұман, көктайғақ күтіледі, солтүстікте, шығыста және орталықта төмен деңгейлі қарлы боран күтіледі», — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.