Онлайн құрбан шалуға арналған арнайы сайт іске қосылды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған арнайы qurban.muftyat.kz сайтын іске қосты, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.
ҚМДБ мәліметінше, халыққа, әсіресе үлкен қалаларда тұратын тұрғындарға оңтайлы болу үшін биыл да құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асады.
«Онлайн түрде құрбан шалам деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі», делінген хабарламада.
Сайттағы мәлімет бойынша, бір қойдың бағасы – 125 мың теңге болса, ірі қара бағасы – 875 мың теңге.