15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

0 7

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Парламент Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 15 мамырда сағат 10.00-де өтеді.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 15 мамырда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», деп жазылған Өкім мәтінінде.