Кенжебеков Ғалымжан Мырзаханұлының Сайлауалды Бағдарламасы

0 15

Байзақ Аудандық Мәслихатының Депутаттығына №14 Бірмандаттық Аумақтық Сайлау Округі Бойынша Өзін-Өзі Ұсынған Кандидат Кенжебеков Ғалымжан Мырзаханұлының Сайлауалды Бағдарламасы

 Құрметті Байзақ ауданының тұрғындары!

 Мен, Кенжебеков Ғалымжан Мырзаханұлы, 1998  жылы 22 шілдеде Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылында дүниеге келдім.

2018 жылы «Тараз-Ғасыр» колледжін «Тасымалдауды ұйымдастыру және жол қозғалысын басқару» мамандығы бойынша тәмамдадым.

2020-2023 жылдары №14157 әскери бөлімінде механик-телефонист болып қызмет атқардым.

2024-2025 жылдары «125 HIGH SCHOOL» білім беру мекемесінде шаруашылық меңгерушісі  қызметін атқардым.

2026 жылдан бастап Байзақ аудандық электр желілері кәсіпорнында автокөлік жөніндегі шебер болып еңбек етіп келемін.

Еңбек жолында жинақтаған тәжірибем мен жауапкершілікке негізделген ұстанымым аудан тұрғындарының мүддесін қорғауға және елдімекендердің өзекті мәселелерін шешуге атсалысуға мүмкіндік береді.

БАҒДАРЛАМАМНЫҢ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ

  1. Ауылдық инфрақұрылымды дамыту

— Ауылішілік жолдардың сапасын жақсарту мәселесін көтеру;

— Көшелерді жарықтандыру және елдімекендерді абаттандыру жұмыстарын қолдау.

— Ауыз су және электрмен жабдықтау сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар енгізу.

Елдімекендердің даму деңгейі ең алдымен тұрғындарға жасалған жағдаймен өлшенеді. Сондықтан ауылдардың күнделікті тыныс-тіршілігіне қажетті инфрақұрылымның қолжетімді әрі сапалы болуына ерекше мән беремін.

  1. Әлеуметтік мәселелерді шешу

— Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдау мәселелеріне назар аудару.

— Қарттар мен ардагерлердің, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүдделерін қорғауға атсалысу.

— Әлеуметтік көмекке мұқтаж тұрғындардың мәселелерін тиісті органдар алдында көтеру.

Қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті нығайту үшін әр азаматтың жағдайы мен қажеттілігі ескерілуі керек. Осы бағытта халықтың әл-ауқатын жақсартуға арналған бағдарламалардың тиімді жүзеге асуына атсалысамын.

  1. Жастарды қолдау және жұмыспен қамту

— Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған бастамаларды қолдау.

— Жастардың кәсіптік білім алуына және сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне ықпал ету.

— Бұқаралық спортты дамытуға және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға қолдау көрсету.

Жастардың туған жерінде тұрақтап, өз болашағын қалыптастыруына мүмкіндік болғаны маңызды. Сол себепті олардың жаңа идеяларына жол ашып, еңбек нарығында өз орнын табуына жағдай жасауға бағытталған жұмыстарды қолдаймын.

  1. Білім беру саласын дамыту

— Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту мәселелерін көтеру.

— Мектептердегі қауіпсіздік пен қолайлы оқу ортасын қамтамасыз етуге назар аудару.

— Жас ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуына қолдау көрсету.

Білім саласына салынған инвестиция-елдің ертеңіне жасалған қадам. Мұғалімдердің еңбегін қолдау, оқушылардың қабілетін дамыту және білім беру үдерісіндегі жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалану мәселелерін де назарда ұстаймын.

  1. Электр энергетикасы және коммуналдық қызмет сапасы

— Ауылдық елдімекендердегі электр желілерінің жағдайын жақсарту мәселесін көтеру.

— Электрмен жабдықтауда туындайтын өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету.

— Коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар енгізу.

Коммуналдық саладағы тұрақтылық ауыл өмірінің қалыпты жалғасуына тікелей әсер етеді. Сондықтан тұрғындардан түсетін шағымдар мен ұсыныстардың негізінде саладағы қордаланған мәселелерді шешу жолдарын іздестіруге басымдық беремін.

  1. Халықпен ашық байланыс

— Тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тұрақты түрде қабылдау.

— Халықты толғандырған мәселелерді мәслихат отырыстарында көтеру.

— Депутаттық қызметтің нәтижелері туралы тұрғындар алдында жүйелі түрде есеп беру.

Депутат пен сайлаушы арасындағы сенім тұрақты қарым-қатынас арқылы қалыптасады. Әрбір өтінішке жауапкершілікпен қарап, тұрғындардың көтерген мәселелерін назарда ұстау менің жұмысымның негізгі қағидаларының бірі болады.

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!

Мен үшін депутаттық қызмет-жоғары мәртебе ғана емес, ең алдымен, халық алдындағы үлкен жауапкершілік. Әрбір тұрғынның пікірі мен ұсынысы назардан тыс қалмауы тиіс.

Ауданымыздың өркендеуі, ауылдарымыздың көркеюі және тұрғындардың тұрмыс сапасының артуы жолында адал еңбек етуге дайынмын. Сіздердің сенімдеріңізді ақтау-менің басты міндетім.

Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін тұрғындармен бірлесе әрекет етіп, әр бастаманың орындалуына бейжай қарамау қажет деп есептеймін.

Бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ болсын!

Өркендеген Байзақ ауданы үшін бірге еңбек етейік!

Тапсырыс жасаған тұлға: №14 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат

Ғалымжан  Мырзаханұлы Кенжебеков.

Қандай қаражат ақысынан төленген:

Кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстар есебінен төленді.