Енді қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді 1414 арқылы ала алады

0 44

Мемлекеттік корпорация қызметтерді сапалы түрде көрсету мақсатында 1414 желісінің жұмысын тұрақты түрде дамытып келеді. Бірыңғай байланыс орталығының желісінде 24/7 тәулік бойы мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес беретін робот іске қосылды.

Бірыңғай байланыс орталығының роботы ХҚКО-ға кезекке тұру, құжаттардың дайындығын тексеру, психоневрологиялық және наркологиялық диспансерден анықтамалар беру сияқты қызметтерді көрсете алады. Кезекті брондау үшін нөмірді енгізетін батырмада ЖСН-ды теріп, өзіңізге жақын ХҚКО-ны таңдап, орталыққа келу уақытын ескерту қажет. Оған қоса, робот арқылы анықтама алу үшін телефонға келген SMS хабарламадағы кодты растай отырып, ЖСН енгізу керек. Барлық қадамдар дұрыс орындалағаннан кейін 1414 нөмірінен SMS хабарлама арқылы анықтамаға сілтеме жіберіледі. Сонымен қатар, робот белгілі бір қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізімін SMS хабарлама арқылы жолдайды.

«Виртуалды оператордың әлі де кемшілік тұстары бар. Қоңырау шалу барысында робот сізді дұрыс түсінбейтін жағдайлар болуы мүмкін, бірақ оны неғұрлым көп адам қолданса, кеңес беру деңгейі соғұрлым жақсарады. Біз мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта робот көрсететін мемлекеттік қызметтер тізімін арттыратынымызды атап өтемін», — деп, Мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин атап өтті.

Робот ең танымал 50 мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес береді. Ол төлқұжат, жеке куәлік, электрондық цифрлық қолтаңба алу, бала тууына байланысты берілетін жәрдемақы, зейнетақы төлемдерін алу сияқты қызметтерден бөлек, басқа да сұрақтарға жауап береді.

Айта кетейік, 1414 Бірыңғай байланыс орталығы азаматтарға 11 жылдан астам уақыт бойы қызмет көрсетіп келеді. Жыл басынан бері желіге 1,2 миллионнан астам қоңырау түскен, оның 35 пайызына робот қызмет көрсетті. 1414 желісіне қоңырау шалу тегін және барлық ұялы байланыс операторларының пайдаланушылары мен стационарлық телефоннан қоңырау шалатын азаматтар үшін қолжетімді.

Теперь казахстанцы могут получить госуслуги, позвонив на 1414

Госкорпорация на постоянной основе улучшает процесс работы 1414 для удобства граждан. На линии единого контакт-центра внедрен робот, который может 24/7 оказывать популярные государственные услуги и консультативную поддержку.

Робот ЕКЦ может самостоятельно оказать такие востребованные сервисы, как бронирование очереди в ЦОН, проверка готовности документов, выдача справок психо- и наркодиспансера. Для бронирования очереди необходимо лишь ввести ИИН в тоновом режиме, выбрать ЦОН, дату и время посещения. Для получения справки робот предложит ввести ИИН, подтверждающий код из сообщения, а ссылку на справку отправит с помощью SMS от 1414. Кроме того, робот может направить посредством SMS перечень необходимых документов для получения той или иной услуги.

«Отмечу, что виртуальный оператор еще не совершенен. Могут быть кейсы, когда робот не поймёт Вас, но чем больше людей будут его использовать, тем лучше будет уровень консультаций. Также, подчеркну, что мы не собираемся останавливаться на достигнутом и будем в течение года увеличивать перечень госуслуг, оказываемых роботом», — подчеркнул Председатель Правления Госкорпорации Суйениш Абдильдин.

Робот консультирует по 50-ти наиболее популярным вопросам. Он может подсказать ответы на такие вопросы, как получение паспорта, удостоверения личности, ЭЦП, пособия по рождению ребенка, пенсионных выплат и другие.

К слову, Единый контакт-центр 1414 консультирует граждан более 11 лет. Так, с начала года на линию поступило более 1,2 млн. обращений, их них роботом было обслужено 35%. Отметим, что звонки на 1414 бесплатны и доступны как для пользователей всех операторов сотовой связи, так и для тех, кто звонит со стационарного телефона.