Адал еңбек – ардың ісі

0 55

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттік органдар алдындағы басты міндеттің бірі болып отыр. Жемқорлық қоғамымыздың барлық саласына тамыр жайып кеткені жасырын емес. Сондықтан да, бұл кеселмен күреске мемлекетіміз айрықша назар аударуда. Жегі құртпен «ауырған» елдің ертеңі бұлыңғыр, ал, болашағынан күтетін жақсы үміттің орындалуы  неғайбыл. Осы ретте, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрестің стратегиялық жолдары мен бағыттары белгіленіп, сол бағдар бойынша жанды жұмыстар атқарылу үстінде. Оны байқап та жүрміз.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу және оның алдын алу мәселелері, заңнамалық актілерді жетілдіру және оны тәжірбиеде қолдану тиімділігін арттыруды қарастырады.  Біздің білетініміздей, сыбайлас жемқорлық – теріс, жағымсыз әлеуметтік құбылыс. Адамзат қоғамы  ілгері жылжыған сайын, оның әлеуметтік-саяси құрылымы өзгерсе де, ғылым, мәдениет, өнер дамыды десек те, сыбайлас жемқорлық жеке тұлғаға, қоғамға, әсіресе мемлекетке қатер төндіретін фактор болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу – мемлекеттік органдардың, мемлекеттік қызметкерлердің, тұтастай қоғамның басты міндеті және борышы. Осы кеселге қатаң бағытталған мемлекеттік іс-шаралар жоғары деңгейдегі жауаптылықпен іске асырылуы тиіс.

Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың  конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің барынша  бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттіктері шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Осы орайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Әкімшілік шаруашылық қызмет басқармасы да жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін барлық себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған семинар-кеңес пен дөңгелек үстел мәжілістері өткізілді.

Әрине, тамырын тереңге жайған індетті дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Ол айналасындағы салауатты,  таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын заңсыз әрекетерімен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі – халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін әрбір азамат саналы көзқараспен баға беріп, кез келген заңсыздық, құқықбұзушылық әрекеттерді тиісті орындарға жасырмай хабарлап, оған мезгілінде заңды түрде тойтарыс берілуіне септігін тигізу үшін белсенді қызмет атқаруы қажет. Сонда ғана жемқорлықтың жолы кесіледі.

Н.Момынов

 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының Әкімшілік

 шаруашылық қызмет басқармасының басшысы.