Оқушылар күзгі және қысқы каникулда қанша күн демалады?

0 8

Қазақстан мектептерінде күзгі каникул 2026 жылдың 26 қазаннан 1 қарашаға дейін жалғасады. Ал қысқы демалыс 28 желтоқсанда басталып, 2027 жылдың 10 қаңтарында аяқталады, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Күзгі демалыс кезінде оқушыларға бір апта демалыс беріледі. Балалар бірінші және екінші тоқсанның әрқайсысында 8 апта оқиды.

Ал қысқы демалыс 28 желтоқсаннан 2027 жылдың 10 қаңтарына дейін жалғасады. Осылайша, оқушылар 14 күн демалады.

Бірінші сынып оқушылары үшін қарастырылған қосымша қысқы каникул 2027 жылдың 8-14 ақпан аралығында өтеді. Балалар 7 күн демалады.

Қазақстан мектептерінде 2026-2027 оқу жылы 2027 жылы 25 мамырда аяқталады.

Осылайша, оқушыларды күзде бір апталық, қыста екі апталық демалыс күтіп тұр. Ал ақпандағы қосымша каникул тек бірінші сынып оқушыларына арналған.