Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

0 7

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні түске дейін Қазақстан халқына Жолдауын жариялайтынын мәлімдеді. Қазір Президент маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы Президент өзінің X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

«28 қазанда түске дейін жылдағы дәстүрге сай Қазақстан халқына Жолдауымды жариялаймын. Қазір осы маңызды құжаттың мәтінімен жұмыс істеп жатырмын», – деп жазды Мемлекет басшысы.