Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды

0 540

ҚР Бас прокуратурасы 2022 жылдың қаңтар айында болған оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастырып жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Бұл ақпаратты Бас прокуратура растады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

«2024 жылдың 29 сәуірінде ауыр зардаптарға әкеліп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды.

Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды.

Мемлекеттік құпияларды құрайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу ҚР ҚІЖК-нің 47 және 201-баптарының талаптарымен регламенттелген», делінген Бас прокуратура хабарламасында.