Күн күрт суып, бұршақ жауады

0 494

«Қазгидромет» РМК 1-2 мамырға арналған ауа райы болжамын бөлісті. Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында түнде жаңбыр жауып, күн күркіреп, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанда 1-2 мамырда екпінді жел соғады, түнде солтүстік және шығыс өңірлерде тұман түседі.

«Скандинавия аймақтарынан антициклон сілемі солтүстік, шығыс және орталық өңірлердегі ауа температурасының түнде 0-5 жылуға дейін, 1-6 градус аязға дейін, күндіз 5-13 жылуға дейін күрт төмендеуіне әкеледі», деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмағұлова ОКҚ алаңында.