Қазақстанда қанша соғыс ардагері тұрады?

0 312

Биыл Ұлы жеңіске 79 жыл толып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда қанша соғыс ардагері тұратынын хабарлады, деп жазады «Aulieatanews» ақпараттық агенттігі.

1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 176 соғыс ардагері тұрады. Бір жыл бұрын елімізде 222 майдангер болған.

Соның ішінде:

* Астанада – 7 адам;
* Алматы қаласында – 44 адам;
* Шымкентте – 2 адам;
* Ақмола облысында – 6 адам;
* Алматы облысында – 14 адам;
* Абай ауданында – 4 адам;
* Ақтөбе облысында – 1 адам;
* Шығыс Қазақстан облысында – 14 адам;
* Жамбыл облысында – 10 адам;
* Жетісу облысында – 4 адам;
* Батыс Қазақстан облысында – 13 адам;
* Қарағанды ​​облысында – 11 адам;
* Қостанай облысында – 16 адам;
* Қызылорда облысында – 4 адам;
* Маңғыстау облысында – 2 адам;
* Павлодар облысында – 7 адам;
* Солтүстік Қазақстан облысында – 4 адам;
* Түркістан облысында – 11 адам тұрады.

Айта кетейік, биыл елімізде Жеңіс күніне арналған әскери шеру өткізу жоспарланып отырған жоқ.

2023 жылы Қазақстан соғыс ардагерлеріне төленетін төлемдердің көлемі бойынша ТМД-ның барлық елін басып озды. Елімізде Жеңіс күніне орай әр ардагерге 1,5 миллион теңге көлемінде жәрдемақы берілді. Ресейде 10-нан 50 мың рубльге дейін (шамамен 50-250 мың теңге) төленді.